Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы туралы ақпарат
2018 жылғы 28 қазан – 4 қараша аралығында «Приозерный» демалыс орталығында (Ақмола облысы, Щучье қаласы, курорт Боровое станциясы) Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирі өтті. Турнирдің өткізілу мақсаты – жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау, турнирдің жеңімпазын анықтап, қорытынды кезеңде Сыр үмітін ақтайтын жас шахматшыларды іріктеу. Турнирдің міндеттері: жас шахматшылардың …