Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 27-29 наурыз аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының “Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика” кафедрасы базасында “Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру” (балабақша және балалар үйінің тәрбиешілеріне), “Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері” (әлеуметтік педагогтер және өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне) атты республикалық республикалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізеді.
Семинарлардың мақсаты – балабақша тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру, әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі инновациялық технологиялармен таныстыру, рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің ролі.
Семинарға балабақша тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтер және өзін-өзі тану пәні мұғалімдері шақырылады.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен. Келу күні – 26 наурыз, аяқталуы – 29 наурыз (сағат 19.00-ден кейін).
Әр қатысушы міндетті түрде жеке http://tiny.cc/darynsemvesna сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 5 наурызына дейін syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Семинарды өткізу жөніндегі ақпарат “Дарын” РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына қойылған.