2018 жылғы 20 сәуір күні №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында “Сыр жұлдыздары” облыстық жас өнерпаздар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– Балалар мен жасөспірімдерге көркем эстетикалық тәрбие беру, дарынды жастарды анықтап, оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету;
– Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру;
– Талантты, дарынды жас өнерпаздарды шыңдай түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау;
– Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қабілеттерін арттыру.
Байқау қатысушыларның жас ерекшеліктеріне қарай сайысатын топтары:
• Балдырғандар тобы: 8-10 жас;
• Жеткіншек тобы: 11-13 жас;
• Жасөспірім тобы: 14-16 жас.
Байқау 3 номинация бойынша өтеді:
1. Аспапта орындаушылық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша)
2. Ән өнері
– Эстрадалық ән
– Дәстүрлі ән
3. Хореографиялық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша)
Байқау шарттары:
1. Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай сайысатын оқушылар саны 5 оқушыдан аспауы қажет.
2. Әр қатысушы жоғарыда берілген номинациялар бойынша еркін тақырыптағы 1 шығармамен қатыса алады. Әр шығарманың ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы қажет.
3. Байқауға қатысушылардың әндері «жанды» дауыста орындалуы тиіс: жасалған аранжировка минус сүйемелімен орындалуы керек.
4. Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
5. Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты.
6. Байқауға қатысушы оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және уақытылы жетуі мен қайтуына қалалық, аудандық білім бөлімдері басшылары мен облыстық мекемелерінің басшылары жауапты болады.
Байқауға қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 13 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.
Байқау нәтижесі бойынша келесі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Аспапта орындау номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
– Алимбай Аружан – Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 10 сынып
– Əлімбаева Дильназ – Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 7 сынып
– Жанболат Жұлдызай – Қызылорда, №267 мектеп, 9 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Досқали Дəулет – Қазалы ауданы, №216 мектеп, 8 сынып
– Мылтықбай Ербол – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 7 сынып
– Жасаңбаев Мадияр – Қармақшы ауданы, №121 мектеп, 9 сынып
– Əмір Ғазиза – Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 8 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Көшеков Медеу – Арал ауданы, №262 мектеп, 8 сынып
– Еркебұлан Асылхан – Қазалы ауданы, №216 мектеп, 8 сынып
– Бекмырза Дастан – Қазалы ауданы, №216 мектеп, 9 сынып
– Əбдімажитова Марал – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 7 сынып
– Файзулла Асылжан – Шиелі ауданы, əуез мектебі
– Қазез Тұрар – Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 5 сынып
– Жұбаныш Қанат – Қызылорда қаласы, №267 мектеп, 7 сынып
Əн өнері номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
– Бердібекова Жаннұр – Қармақшы ауданы, №272 мектеп
– Ташмұхаммед Дилназ – Шиелі ауданы, əуез мектебі
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Көлімбетова Замира – Қармақшы ауданы, №80 мектеп
– Бахытов Рахымжан – Шиелі ауданы, əуез мектебі
– Асылбек Жанерке – Қармақшы ауданы, №26 мектеп
– Оспанова Шұғыла – Шиелі ауданы, əуез мектебі
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері
– Смат Бауыржан – Арал ауданы, №83 мектеп
– Махбертов Дамир – Шиелі ауданы, əуез мектебі
– Дəуренұлы Əділжан – Шиелі ауданы, əуез мектебі
– Сырлыбаева Гаухар – Қармақшы ауданы, №274 мектеп
– Жолдас Шаттық – Арал ауданы, №13 мектеп
Хореография номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері:
– “Арайлым”тобы – Шиелі ауданы
– “Хафиза” би тобы – №4 ОДМИ
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– “Сыр гүлі” би тобы – Қармақшы ауданы
– Нұрланқызы Асель – Жалағаш ауданы
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– “Інжу” би тобы – Арал ауданы
– “Шаттық” би тобы – №4 ОДМИ