2018 жылдың 5 қараша күні Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы негізінде «Ұлт руханиятының алтын қазығы – Сыр елім!» тақырыбындағы достық көпір іс-шарасы аясындағы «Рухани жаңғыру: Мәңгілік елге апарар жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Достық көпірінің негізгі мақсаты – туған елдің мәдениеті және тарихымен танысу, тәрбиеленушілерді аймақтағы мәдени-тарихи мұралармен таныстыру, оларды отансүйгіштікке баулуға, таным көкжиегін кеңейтуге және туған жер мен мәдени мұраларымызға деген құрмет сезімдерін нығайту, балалар арасында достық қарым-қатынас орнату және көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайту болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.