Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің
тарих пән мұғалімі
Ағыбаева Айгүл Әбдіәлімқызы,
Қызылорда қаласы
Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына 27 жыл толып отыр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс екені мәлім. Сол қиын кезеңдерден сүріндірмей Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 27 жыл бұрын:
– Біз, зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе, онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Міне, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп халықты жақсы бағытқа бағыттап келеді. Осындай сындарлы бағытты меңзеп, бүгінгі жас ұрпаққа өмірдің жаңа нышанын айқындап, ұстаздар қауымы да түрлі бағытын бағыштап келеді. Бағыттын бағдарлап, шәкірт жүрегіне жол табу үшін, Қызылорда қаласындағы №136 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік – ғасырлар күнінің жемісі» атты тарихи-ғылыми аймақтық оқушылар конференциясы өтті. Конференцияның мақсаттары мен міндеттері: Жас зерттеушілердің интеллектуалдық шығармашылығын дамыту, оларды экономика, басқару және тарихи зерттеу жұмыстарына баулу; Жас зерттеушілердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстарының кітапханасын қалыптастыру; Ғылыми шығармашылық аумағында қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау; Мектепаралық қарым-қатынас орнатып, шығармашылық байланыс жүргізу барысында өткізілді. №9, №10, №136, №211 мектептің тарих пәнінің ұстаздары 9-10 сыныпта оқитын дарынды оқушылардың дайындаған ғылыми жобасын әзірлеп, білім мен зерделеген жұмыстарын ортаға салды. Конференция – дарынды оқушылардың жас тарихшыларынан, жас саясаткерлер мен болашақ ғалымдар, жас журналистерден құралды. Конференцияның негізгі бағыттары:
-Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы үйлестіру.
-Сандық Қазақстан: электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру.
-Сандық білім беру – жаңаша білімді игеруге бастар жолы.
-Қазақстан Республикасының экономикалық қарыштауын дамытуы.
-Үш тұғырлы тіл: тілтанудағы өзекті мәселелер.
Тақырыптар мен бағыттарға сай дайындаған оқушылардың баяндамаларын сараптаушы, әрі бақылаушы ұстаздарымыз да болды. Олар: №211 мектептің ұстазы – Батракова Лаура Майдановна, №9 мектептің ұстазы – Жарекеева Айгүл, №10 мектептің ұстазы – Оспанова Нұргүл Әділқызы, №136 мектептің ұстазы – Байсалбаева Гүлнарай мен Қасқабаева Мадина болды. Сонымен бірге, мектептің жас журналисті Амангелді Аягөз отырған көрермендердің ой-пікірімен бөлісіп, конференцияны қызықтыра түсті. №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің жас ізденімпаз оқушылары: Нұргелді Альфия мен Алихан Нұрсұлтан «Қазіргі замандағы ғылымның дамуы» және «Жастар біліміне қолдау көрсету», Еркінбаев Дамир мен Қырбай Зарина «Қазіргі замандағы тіл ғылымының оқудағы дамуы» және «Үш тұғырлы тіл» туралы ойларын айта отырып, Қазақстандағы әлеуметтік жағдай – кеше, бүгін, келешегін өрбітсе, Ерсін Арайлым да өз ойын жеткізе білді. №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Аханаева Ақнұр Нұржанқызы «Ұлттық жаңғыру-елдің жаңаруы» деген тақырыпта ізденген ойын айта отырып, өзінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті. Бұйымдарды қалай жасағанын дәлелдеп, жұртшылық көңілінен шыға білді. №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Тілеубек Ильяс Серікұлы «Үш тұғырлы тіл – өркениет өрісі» деген тақырыпта өзінің жасаған жобасын дәлелдеп, бейнебаян арқылы көрсете білді. №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің белді талантты оқушысы Гажданбекқызы Роза «Электронды үкімет – тиімді қызмет» деген жобасында дамыған заманның заманауи мәселесін айтып жеткізді. №9 Н.Ильясов атындағы мектеп-гимназиясы оқушылары: Файзулла Ерасыл, Сәтжан Арайлым, Ескендирова Анель және №211 А.Байтұрсынов атындағы мектеп таланттылары Аханаева Ақнұр Нұржанқызы, Ертай Бекарыс Қанатұлы, Байбол Рауан Мейрамбекұлы рухани жаңғырудың жарқын жолы мен ұлттық өрлеудің ұлы күші тәуелсіздік екенін айтып, бүгінгі жас таланттылар өз ойларын айта білді. Заманауи үлгідегі ұлттық нақыштарды жеткізіп, көрермендердің көңілінен шықты. Міне, бүгінгі жастардың тәуелсіздік деп жүрегін ұстап, ел қамын ойлайтын болашағын дәріптейтін ұрпақтарымыздың өсіп келе жатқанына көзіміз айқын жетті. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізден жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Елімізді өркендетуге, бүгінгі жастардың жарқын болашағына сенім артады. Міне, осыған дәлел ретінде Қызылорда қала мектептерінің де жас таланттылары өз ізденімпаздылығын байқатты.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген еді. Осындай дарынды жастарымыздың қадамы мен білімдері шыңдала берсін демекпін.