2019 жылғы 24-25 қаңтар күндері облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті. Кеңеске республикамыздың түкпір-түкпірінен аймақтық оқу-әдістемелік орталықтар мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталықтарының директорлары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары (100 адам) қатысып, Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының (№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі, №9 және 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттар) жұмыстарымен танысты.
Оқу-әдістемелік кеңес мақсаты: Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, ғылыми-әдістемелік қолдау арқылы білім сапасын қамтамасыз ету, Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру орталығының іс-тәжірибесін республикаға тарату.
Сонымен қатар 25 қаңтар күні Қызылорда қаласының көрнекті жерлеріне, облыстық «Рухани жаңғыру орталығы, сол жақ жағалау, облыстық тарихи-өлкетану музейі, IT IMAQORDA ресурстық әдістемелік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.