Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық-ғылыми жоба конкурсына қыркүйек айының 15 жұлдызына дейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, оған 755 жобамен 788 оқушы ұсыныс білдірді. Ғылыми жоба конкурсының І кезеңі, яғни аудандық/қалалық кезеңге 304 жобамен 315 оқушы қатыстырылған. Ал, 2017 жылдың 24 қарашасы күні өткізілген конкурстың облыстық кезеңінің бірінші туры, жобаны қорғауға 230 жобамен 241 оқушы қатысып, нәтижесінде 123 жобамен 132 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 15, ІІ орын – 34, ІІІ орын – 83) марапатталды. Осы кезеңнен сүрінбей өткен, білім, ғылым көкжиегінен бой көрсеткен 123 жобамен 132 алғыр оқушыларымыз оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеуге жолдама алып, 5 желтоқсан күні өз бақтарын сынады.
2018 жылғы 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздан тестілеуден межелі балға қол жеткізген 19 жобамен 19 оқушы қатыстырылып, нәтижесінде 8 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 1) қол жеткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы командалық есепте ІІІ орыннан бой көрсетті. Конкурс жеңімпазы, Қызылорда қаласы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған “Мұрагер” мектебінің 11 сынып оқушысы Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.
І дәрежелі диплом иегері:
– Жайшылықұлы Асылхан – Қармақшы ауданы, №109 мектеп, 11 сынып (қазақ әдебиеті)
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Маманова Мөлдір – Сырдария ауданы, №137 мектеп, 10 сынып (физика)
– Амирова Амина – Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектеп, 11 сынып (биология)
– Ақпан Дінмұхаммед – Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектеп, 11 сынып (математика)
– Нұржан Нұрай – Қызылорда қаласы, №1 мектеп, 10 сынып (тіл білімі (қазақ))
– Әлмахан Ақсұңқар – Қызылорда қаласы, №11 мектеп, 11 сынып (тіл білімі (қазақ))
– Хисматулина Римма – Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 11 сынып (тіл білімі (орыс))
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
– Шаңбай Ұлжан – Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебі, 9 сынып (қазақ әдебиеті).