Жалпы ереже
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Сыр жұлдыздары» облыстық жас өнерпаздар байқауына (бұдан әрі – Байқау).
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Балалар мен жасөспірімдерге көркем-эстетикалық тәрбие беру, дарынды жастарды анықтап, оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету;
– Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру;
– Таланатты, дарынды жас өнерпаздарды шыңдай түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау;
– Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қабілеттерін арттыру.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Байқау екі кезеңнен тұрады:
– Бірінші кезең (аудандық/қалалық) – жалпы білім беру ұйымдары мен облыстық білім беру мекемелерінің базасында а.ж. 11 желтоқсанына дейін өткізіліп, ұсыныстар syrdaryny@mail.ru электронды поштасына а.ж. 12 желтоқсанына дейін жіберілуі қажет. 12 желтоқсаннан кейін жіберілген ұсыныстар қабылданбайды.
– Екінші кезең (облыстық) – а.ж. 21 желтоқсан күні №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты базасында өткізіледі.
Байқау қатысушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сайысатын топтары, байқау номинациялары:
– Балдырғандар тобы: 8-10 жас
– Жеткіншектер тобы: 11-13 жас
– Жасөспірімдер тобы: 14-16 жас
Байқау 3 номинация бойынша өтеді:
– Аспапта орындаушылық өнері (жеке немесе топтық орындау, түрлері бойынша)
– Ән салу өнері (дәстүрлі ән салу, эстрадалық ән салу)
– Хореографиялық өнер (жеке немесе топтық орындау, түрлері бойынша)
Басталу уақыты: сағ. 10.00
Тіркелу уақыты: сағ. 9.30
Байқау шарттары
– Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай сайысатын оқушылар саны 5 оқушыдан аспауы қажет.
– Әр қатысушы жоғарыда берілген номинациялар бойынша еркін тақырыпта 1 шығарма орындай алады. Әр шығарманың ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы қажет.
– Байқауға қатысушылардың әндері “жанды” дауыста орындалуы тиіс: жасалған аранжировка минус сүйемелімен орындалуы керек.
– Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі.
– Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекші жауапты.
– Байқауға қатысушы оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және уақытыл жетуі мен қайтуына қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен облыстық мекемелер басшылары жауапты болады.
Байқауға қатысушыларды бағалау регламенті
Үздіктерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
-орындаушылық шеберлігі;
-сахна мәдениеті;
-сахналық киім ерекшелігі;
-би қозғалысының ритмикасы.
Барлық орындаулар 10 балдық жүйемен бағаланады.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Жас ерекшелігіне қарай тобы, номинациясы |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |