1-тарау. Жалпы ережелер
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Фестиваль-байқаудың міндеттері:
- білім алушыларды хореография өнеріне, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметіне тарту, әлеуметтендіру;
- бишілік мәдени дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;
- білім алушыларды тұлғалық шығармашылық, олардың әлемді эмоциямен танудағы эстетикалық сезімдерін дамыту;
- білім алушылардың эмоциялық қырларын және шығармашылық қабілеттерін ашу;
- заманауи өнердегі ұлттық дәстүрлерді сақтау;
- білім алушылардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу және ұқыпты көзқараспен қарауды тәрбиелеу;
- шығармашылықпен айналысатын педагогтерді ақпаратпен қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу.
Көрме-байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
Көрме-байқаудың әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.
Көрме-байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2-тарау. Фестиваль-байқауды өткізу уақыты және орны
Көрме-байқау 2019 жылғы 3-4 мамырда Ақтөбе қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 2019 жылғы 2 мамыр, кету күні – 5 мамыр.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 10 сәуірге келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.
Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Көрме-байқаудың облыстық (Астана, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық Көрме-байқауға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);
3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) ата-аналардың нотариус бекіткен сенімхаттары.
3-тарау. Фестиваль-байқауға қатысушылар
Фестиваль-байқауға 10-17 (18-жасқа дейін) жастағы білім беру ұйымдарының білім алушылары – облыстық, қалалық хореография бойынша байқаулардың жеңімпаздары қатысады.
Қатысушылардың жалпы саны – 160 адам. Өңірлерден қатысушылардың саны бөлу парағына сәйкес.
Байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларда – қалалық білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.
Әрбір топ қатысушысы Байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Байқауды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.
Делегация жетекшілерінің өздерімен бірге келесі құжаттары болуы керек:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда – қалалық) Фестиваль-байқау кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Фестиваль-байқауға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысы бұйырығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);
3) барлық қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;
4) қатысушының денсаулығы туралы дәрігердің қолы және мөрі қойылған анықтама;
5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған фотосуреті бар анықтама;
6) топ жетекшісінің іссапар куәлігі;
7) ата-аналардың сенімхаты.
Әр облыстың, республикалық маңызы бар қалалар делегацияларының ерекше элементтері: галстуктар, кепкалар, бейсболкалар, эмблемасы, сондай-ақ қатысушылардың жеке тазалық заттары болуы керек.
4-тарау. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары және тәртібі
Хореографиялық шығармашылықты насихаттау, бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту үшін Фестиваль-байқау екі кезеңнен тұрады.
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Фестиваль-байқау;
аудандық (қалалық) Фестиваль-байқау;
облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда – қалалық) Фестиваль-байқау.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Фестиваль-байқау.
Бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
Халық биі және халықтық-стильденген би:
а) әлем халықтарының биі;
б) қазақ биі.
Заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас-би.
Би ұжымдары әр номинация бойынша ұзақтығы 5 минутке дейінгі бір байқаулық нөмірден ұсынады.
Бағалау өлшемдері:
- стильдердің үйлесімділігі және түпнұсқалығы, вариативтілігі;
- жоғары сапалы орындаушылық;
- би қойылымы-идеясы;
- техникасы және орындаушылық деңгейі;
- сюжеті мен әртістік шеберлігі;
- сахналық көрінісі (костюммен жабдықталуы).
Фестиваль-байқауды кәсіби әділқазылар алқасы 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Фестиваль-байқаудың қатысушыларын марапаттау
Фестиваль-байқаудың қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Фестиваль-байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Республикалық байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге алғыс хаттар табысталады немесе жолданады.
6-тарау. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
Аудандық, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Көрме-байқау кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
Көрме-байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге келетін және кері қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы Көрме-байқауға жіберуші жақтың тарапынан төленеді.
- Көрме-байқауды өткізу және ұйымдастыру, жарыс кезінде қатысушылардың орналасуы және тамақтануына шығыстарды Республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.