Жалпы ережелер
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слеттің міндеттері:
1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
3) тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
4) «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициялары арасынан ең үздік экспедициялық жасақтарды анықтау;
5) білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
6) республикадағы оқушылардың туристік-өлкетану бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;
7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Слетті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
Әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.
Слетті ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
Слеттің өткізілетін орны мен уақыты
Слет 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте өткізіледі. Қатысушылардың келу уақыты – 2019 жылғы 18 қыркүйек, кету уақыты – 2019 жылғы 21 қыркүйек.
Өткізу орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл селосы, «Звездный» лагері.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 15 тамызға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.
Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Слеттің облыстық (Астана, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық слетке қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);
3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) ата-аналардың нотариус бекіткен сенімхаттары.
Слетке қатысушылар
Слетке «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық слеттерінің жеңімпаз топтары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 14-16 жастағы білім алушылар.
Қатысушылардың жалпы саны – 160 адам.
Байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.
Әрбір қатысушы Слетті өткізу орнына дейін жету кезінде, Слетті өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.
Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
- 1) білім алушылардың және топ жетекшілерінің Слеттің облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Слетке қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысының бұйрығының көшірмесі;
- 2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекенжайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
- барлық қатысушылар мен топ жетекшілерінің жеке басын куәләндіретін құжаттарының көшірмесі;
- дәрігердің қолы және мөрімен расталған, дене жүктемелеріне рұқсаты бар денсаулығының жағдайы туралы анықтамасы;
- фотосуреті бар және білім беру ұйымының мөрімен және қолымен расталған оқу орнынан анықтама;
- топтың сақтандыру полисі;
- топ жетекшілерінің іссапар куәліктері;
- қатысушылардың ата-аналарының сенімхаттары.
Әр облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары делегацияларының мерекелік формасы, айырым белгілері (гластуктері, кепкалары, бейсболкалары, эмблемасы), далалық және спорттық формасы, қосымша киім, аяқ киім және жеке гигиена заттары болуы қажет.
Слетті өткізу тәртібі және шарты
Балаларды бұқаралық іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Слет екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Слет;
аудандық (қалалық) Слет;
облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық Слет.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Слет
Слеттің Бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады
Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізіледі.
1) «Команданың визит карточкасы» байқауы. Орындау уақыты – 5 мин.
Бағалау өлшемдері: мазмұнын, тақырыпты ашу тереңдігі, орындау сапасы, реттілігі, ойнау шеберлігі, орындауды ресімдеуі (музыкалық сүйемелдеу, костюмдер, реквизит) ескеріледі. Музыкалық және дикторлық сүйемелдеу үшін техникалық құралдар қолданылатын болса, құралдармен жабдықтауды команда өз бетінше қамтамасыз етеді.
Өлкетану блогы.
2) «Туған өлке соқпақтары» номинациясы (1 қатысушы) бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғау – өңірде жүргізілген туристік экспедиция презентациясы. Презентацияда бағдар картасы, өлкетану нысандары, бағдардың рөлі, маңызы және ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Қатысушылардың аталған экспедицияға қатысқандығын растайтын фотосурет, жорық туралы анықтама және т.с.с. болуы міндетті.
3) Практикаға бағдарланған кезең (2 қатысушы). Қатысушылар жергілікті жерде тапсырманы орындайды.
Экологиялық блок.
4) «Экологиялық есеп беру» – өңірде жүргізілген (5 күннен кем емес) экологиялық экспедицияның презентациясы.
Көрсетілетін материалдарды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдану арқылы қорғау уақыты 7 минутқа дейін. Қатысушы таңдалған тақырыптың өзектілігі және мазмұны, аталған зерттеуге қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сипаттама береді.
5) Экологиялық соқпақ қатысушылар (2 қатысушы) жергілікті жердің ұсынылған бағдарының соқпағын өте отырып, экологиялық картаны құрып, оны плакатқа сызып, шартты белгілермен ресімдеуі қажет. Карта А3 форматтағы плакатқа ресімделеді (ұйымдастырушылар плакатты байқаудың басында тапсырады). Қатысушылар жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізуі керек: флора және фауна, экологиялық бұзушылықтар, дәрілік өсімдіктерді зерттеу («Жасыл дәріхана»). Команда құрамында – 2 адам.
Туристік блок.
6) «Біріктірілген туризм». Қатысушылар дала жағдайында бір түнеумен кросс-жорық жүргізеді. Команда құрамы (4 қатысушы: 3 ер бала + 1 қыз бала + 1 жетекші міндетті түрде. Кросс-жорық туристік жорық ретінде өткізіледі, оған туристік техника және тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу және құтқару жұмысының элементтері кіреді.
Бағдар кезінде топ өз бетінше қашықтықты қауіпсіз өту жолдары мен тактикасын таңдап, әр түрлі қиындықтарды жеңеді.
Туристік бақылау бағыты ұпай жинау жүйесі арқылы өткізіледі. Егер де балалар қандай да бір кезеңді өтуге дайын болмаса, ұпай сандарынан айырылып, бұл кезеңді қалдырып кете алады. Әр кезеңді өтуге бақылау уақыты белгіленеді. Егер де топ кезеңді ертерек өтіп қойса, одан ешқандай артықшылық таппайды.
Слетке қатысушы топтарды туристік жарысқа қажетті топтық және жеке туристік құрал-саймандармен жіберуші жақ қамтамасыз етеді.
Әр топқа қажетті құрал-саймандар:
- негізгі жіп – 3 дана х 40 м;
- карабиндер – 30 дана;
- мұрттары бар сақтандыру жүйелері – 6 топтама;
- медициналық қорапша – 1 дана;
- рюкзактар – 6 дана;
- нөмірленген каскалар – 6 дана;
- компастар – 6 дана;
- жюмар – 6 дана;
- брезент қолғаптар – топқа;
- түсу элементтері – топқа;
- сақтандыру жүйесі үшін қолданылатын арқан негізгі болуы тиіс, диаметрі – 10 мм-ден кем емес;
- қросс-жорығына арналған шатыр;
- жатын қап 5 дана;
- карематы 5 дана;
- қаланды бекетпе жабдықтары.
Қатысушылар топтың қалауы бойынша өздерімен бірге қосымша құрал-саймандарды әкелуге және қолдануға құқығы бар.
Слетке қатысушыларды марапаттау
Жалпы командалық орындар коэффициентті есепке ала отырып ұпай саны бойынша анықталады. Ұпайлар тең болған жағдайда Кросс-жорықтан жоғары ұпай жинаған командаға басымдылық беріледі.
Блок бойынша коэффициент 1:1, Байқау: 1:3.
Слеттің жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Слетке қатысушылардың барлығына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтерге алғыс хаттар беріледі немесе жолданады.
Слетті қаржыландыру
Аудандық, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Слет кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
Слетке қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге бару және кері қайту жол ақысы және жолдағы тамақтануы жіберуші жақтың тарапынан төленеді.
Республикалық Слетті өткізу және ұйымдастыру, Слет кезіндегі қатысушылардың жатын орны және тамақтануына шығыстар Республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.