2018 жылғы 4 сәуір күні Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицей базасында “Ақберен” республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады.
«Ақберен» республикалық олимпиадасы 6 номинацияны қамтыды:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз ойларын жеткізіп, қазылар алқасы тарапынан қойылған қазақ елінің тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өз шешендіктерін көрсетті.
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша қатысушылар поэзия, проза, драмалық шығармалардан өзі таңдаған бір туындыдан үзінді оқыды.
3. «Эссе жазу» номинациясында оқушылар өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жазды. Эссе тақырыптары сол жерде таңдалып, қатысушыларға жұмысты орындау үшін 120 минут уақыт берілді.
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы. Оқушылар домбыра, жетіген, қобыз секілді ұлттық аспапта өзі дайындап әкелген бір шығарманы орындады.
5. «Ақындар айтысы» номинациясында «Рухани жаңғыру жолында» тақырыбында айтыс өткізіп, оқушыларымыз ойының тапқырлығы мен сөз көркемдігі, орындаушылық шеберлігі және суырып салмалық қабілетімен дараланды.
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша қатысушылар өз жыр жинақтарын ұсына отырып, дайындап келген 1 өлеңін жатқа оқыды. Сонымен қатар, әділ-қазылар алқасының шешімімен суырып салма, тума таланттарын тану мақатында сол мезетте тақырып беріліп, өлең шығарды.
Номинациялар бойынша сайыстарды өткізу тәртібі:
– Шешендік, білгірлік сайысы номинациясы бойынша екі оқушы қазылар алқасы тарапынан берілген тақырып бойынша алдымен өз ойларын жеткізеді (5 минут). Қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді (әр қатысушыға 5 сұрақтан)
– Көркемсөз оқу номинациясы бойынша байқауға қатысушы өзі таңдаған шығармасынан үзінді оқиды (5-7 минут).
– Эссе жазу номинациясы бойынша қазылар алқасы тарапынан ұсынылған тақырыпқа эссе жазу (2 сағат).
– Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша өзі дайындаған бір шығарманы ұлттық аспаппен орындау.
– Ақындар айтысы номинациясы бойынша ойының тапқырлығы, сөз көркемдігі тақырыпты аша білуі, орындаушылық шеберлігі, суырып салмалық (импровизаторлық).
– Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша жазбаша 3 өлең ұсынады. 1 өлеңді жатқа оқып береді.
Байқаудың облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.
Байқаудың облыстық кезеңіне 57 оқушы қатысып, нәтижесінде 6 номинация бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша:
І орын. Жалғасбай Назгүл – Шиелі ауданы, №47 мектеп
ІІ орын. Жұмажанова Дильназ – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ
ІІ орын. Жұмабек Қазына – Шиелі ауданы, №127 мектеп
ІІІ орын. Ермашов Жеңіс – Арал ауданы, №248 мектеп
«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша:
І орын. Әбимолдаев Азамат – Қармақшы ауданы, №277 мектеп
ІІ орын. Орысбай Бекнұр – Қазалы ауданы, №103 мектеп
ІІ орын. Жұмағали Өмірзақ – Жалағаш ауданы, №123 мектеп
ІІІ орын. Әлиев Мағжан – Шиелі ауданы, №46 мектеп
ІІІ орын. Бақытжанова Жанар – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ
«Эссе жазу» номинациясы бойынша:
І орын. Мизамбаева Гүлбану – Шиелі ауданы, №47 мектеп
ІІ орын. Сәдібекова Ақтолқын – Арал ауданы, №260 мектеп
ІІІ орын. Жамағат Ақнұр – Қазалы ауданы, №249 мектеп
ІІІ орын. Сыланова Айжан – Қармақшы ауданы, №274 мектеп
ІІІ орын. Өскенова Айсана – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша:
І орын. Ізбасар Меруерт – Қазалы ауданы, №204 мектеп
ІІ орын. Тоқшылықова Ұлжан – Қармақшы ауданы, №272
ІІІ орын. Бегежан Ұлархан – Сырдария ауданы, №42 мектеп
ІІІ орын. Қожахметов Сұлтанбек – Қызылорда қаласы, №264 мектеп
«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша:
І орын. Әбдіхан Бекзат – Қазалы ауданы, №98 мектеп
ІІ орын. Серіков Еркебұлан – Қармақшы ауданы, №121 мектеп
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша:
І орын. Жалғауов Ғалымбек – Арал ауданы, №65 мектеп
ІІ орын. Серік Бекзат – Қазалы ауданы, №98 мектеп
ІІ орын. Төлегенова Мөлдір – Қармақшы ауданы, №183 мектеп
ІІІ орын. Сәрсенбай Темірбек – Жалағаш ауданы, №123 мектеп
ІІІ орын. Томаев Бақдәулет – Қызылорда қаласы, №172 мектеп
ІІІ орын. Шайық Жанель – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ
2018 жылғы 16-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық байқауының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысынан 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегері:
Жалғауов Ғалымбек – Арал ауданы, №65 мектеп
ІІ орын иегерлері:
Жалғасбай Назгүл – Шиелі ауданы, №47 мектеп
Ізбасар Меруерт – Қазалы ауданы, №204 мектеп
ІІІ орын иегері:
Әбдіхан Бекзат – Қазалы ауданы, №98 мектеп