2018 жылғы 10 сәуір күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық Қадыр оқуларының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Қадыр өлеңдерін насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жазушының рухани бай мұрасына деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Қадыр оқулары үш бөлімді қамтиды:
1. “Сөздің бәрі құдіретті…” – Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қадыр Мырза Әлі шығармаларын көбірек жатқа білетін және нақышына келтіре оқыған, сахна мәдениетін меңгерген оқушыға жоғары баға қойылады.
2. “Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда…” Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы. Қатысушы 3 ән дайындап, ұсынады. Әділқазылар алқасының шешімімен 1 әнді жатқа орындайды. Қажет болған жағдайда дайындап келген шығармасынан кез келген әнді орындауды сұрауға болады. Қатысушы өзі орындайтын әндер тізімін, композитордың толық аты-жөнін жазуы міндетті.
3. “Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін” – жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар). Қазылар алқасы сол жерде қосымша тапсырма беруге құқылы.
Қадыр оқуларының облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 4 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ruэлектрондық поштасына қабылданды.
Байқаудың облыстық кезеңіне 23 оқушы қатысып, 11 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
– Қуандықов Әсет – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 7 сынып
– Нұрқасым Әдемі – Қармақшы ауданы, №274 мектеп, 11 сынып
– Бегімбай Аружан – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 10 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Школбай Исламхан – Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 9 сынып
– Әбілқайырова Қарлығаш – Арал ауданы, №13 мектеп, 9 сынып
– Есқара Бағлан – Жалағаш ауданы, №202 мектеп, 7 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Мұратов Айдар – Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 6 сынып
– Ақниет Әділхан – №9 БИЛ, 9 сынып
– Дінмұхаммед Мерей – №4 ОДМИ, 10 сынып
– Ізбасаров Ерболсын – Арал ауданы, №83 мектеп, 7 сынып
– Қарқынбай Абылай – Шиелі ауданы, №270 мектеп, 6 сынып
2018 жылғы 27 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында өткен республикалық Қадыр оқуларының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысынан 3 оқушы (Қуандықов Әсет, Нұрқасым Әдемі, Бегімбай Аружан) қатысып, қатысушы сертификатына ие болды.