“Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация” тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты базасында республикалық мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес өткізілді.

Кеңеске “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Педагогикалық шеберлік зертхана» бөлімінің жетекшісі А.Карқұлова, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов, “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының басшысы Қ.Ақышева және Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиал директоры С.Камалова қатысты.

Кеңейтілген кеңесті облысының білім басқармасы басшысының  орынбасары Б.Бердәулетов ашып, шараның мақсаты жайлы қысқаша айтып өтті. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  педагогикалық шеберлік зертхана жетекшісі А.Қарқұлова  кеңейтілген кеңесте бүгінгі педагогика саласының басты міндеттері талқыға салынып, заман талабына сай озық тәжірибелерге таңдау жасалатынын айтты. Ал «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Қ.Ақышоваға оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырса, Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық  мектеп-интернатының директоры Б.Абдуллаева «Білім беру үдерісіндегі көпқырлы құндылықтар – функционалдық сауаттылық негізі» тақырыбында  баяндама жасады. Баяндамашылардың сөзінен соң “Марафон” авторлық инновациялық жобасы бойынша республикалық “Үздік авторлық жоба” конкурсының жүлдегері, информатика пәнінің мұғалімі Ж.Дінисламовтың оқушылармен жұмысы назарға ұсынылды. Бұдан әрі жаратылыстану пәндері бойынша ағылшын тілінде жүргізілетін ашық сабақтар серияларына, CLIL сабақтарына жалғасты.

Жаңартылған білім мазмұнына бағытталған инновациялық ашық сабақтар “Көпқырлы құндылыққа тәрбиелеу – функционалдық сауаттылық негізі” тақырыбындағы ток-шоуға жалғасты. Ток-шоуда қатысушыларды үш топқа бөліп, облыстық Педагогикалық шеберлік орталығының  мамандары, тренерлері жүргізді. Сонымен бірге, Әдістемелік оқу кеңесінің бағдарламасына сәйкес мектеп-интернаттың  дарынды шәкірттері  «Жаңа дәуір мектебі: нақты қадамдар» тақырыбында таныстырылым жасады.

“Шығармашылық алаң” блогында өлкетану, тіл дамыту курстары, еркін аударма шеберханасының жұмыстарына көңіл бөлінді. Атап айтқанда, “Жас ғалым” шеберханасы  Workshop “Young  scientists” бойынша химия, физика  пәндеріндегі инновациялық жаңалықтар, “Зияткерлік ойындар» блогында «Робототехника”, “Интеллектум”, “IT класс” кабинеттерінің жұмыстары көрсетілсе, “Ұлы мұра” инновациялық жобасы  блогында “ART студио” шығармашылық галереясы  бойынша оқушылар қолынан шыққан деколь, пейзаж,  гoбелен, изонит жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.  Сондай-ақ, “Алтын ине” үйірмесінің, “Music” club жұмыстарынан би, домбыра үйірмелерінің жұмыстары, “Руханият” залы блогі бойынша кітапханада өткен “Reading»” Club   TEDx  форматтағы  таныстырылымы шын мәнісінде мектеп түлектерінің дарындылығын танытқандай.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес «Ұлы дала дарындары» тақырыбындағы инновациялық жобалар фестивалімен қорытындыланды. Фестиваль бағдарламасына сәйкес «Туған елге тағзым» жобасы бойынша шәкірт ізденістерінің таныстырылымдары TED форматта жасалынды. Шығармашылық алаңында  100 –ден астам инновациялық идеялармен, қызықты математика, ғажайып химияның тәжірибелер алаңы көрсетілді.    “Күй ғұмыры” домбыра үйірмесінің, би үйірмелерінің жұмыстары сахнада көрсетіліп, көрермен  қошеметін иеленді.

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық жобалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті, саналы азамат тәрбиелеу бағытында  ұйымдастырылған шараға республика бойынша аймақтық оқу-әдістемелік орталықтар мен  «Дарын» ғылыми-практикалық орталықтарының директорлары, білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары, облыстағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қатысты. Қатысушылар аталған мектеп-интернат базасында жүргізілген жұмыстар арқылы облыстың білім саласындағы озық тәжірибелерге оң баға берді.

 

Дереккөз: Сыр бойы