2019 жылдың 27 мамыр күні Қызылорда Облысының Білім Басқармасы және “Bilim Foundation” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданының Ақтөбе, Дүр Оңгар, 3 интернационал және Төребай би ауылдарында 6-11 сынып оқушыларының ата аналарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында жасөспірімдердің ерекшелігі, суицидтің қауіп, итермелеуші, қорғаушы факторлары, ескертуші белгілері, бала мен ата ана арасындағы қарым қатынас жайлы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, ата аналарға жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша түсірілген “Егер мен білгенімде…” деректі фильмі көрсетілді