ҚР Әділет министрлігі 2019 жылдың 6-17 мамыры аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.
Акция шеңберінде 10 – 30 сәуір аралығында «Контрафактіге жол бермеу» тақырыбында ең үздік қысқа бейнероликке (vine) жастар арасында 18 жас және одан жоғары, «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» тақырыбында үздік эссеге 14-16 жас аралығындағы балалар арасындағы конкурстарға қатысу қарастырылған.
Өтінімдер 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады.
Байқау шарттары Әділет департаментінің www.kzl.adilet.gov.kz сайтында орналастырылады.
Қызылорда қ., Абай даңғылы, 52, 209 кабинет.Тел: 8(7242)23-10-08
Акция қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласында Министрлікпен 2019 жылғы 17 мамырында жарияланады, жеңімпаздар диплом және жүлделермен марапатталады.
Сіздерді «Контрафакт» акциясының конкурсына қатысуға шақырамыз!