Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы «1 маусым – Халықаралық балалар күніне арналған қашықтық және онлайн форматында өтетін облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Бала тілегі» қашықтық форматында балалардың жүректен-жүрекке лебіз челленджі (бұдан әрі – Челлендж).
Челленджді ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы
2.Челендж мақсаты мен міндеттері:
- Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жекелік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді.
- Оқушыларды ізгілік пен адамгершілікке баулу;
- Жастарды медиа шығармашылыққа еліктіру, назарын аудару және өзіндік жұмыстарға бейіндеу;
- Тематикалық бейнероликтерді түсіру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қызметінің позитивтік бағытын насихаттау;
3.Челленджге қатысу шарттары:
Әрбір оқушы өзінің балалық шағының қызықты күндері, ұмытылмас сәттері жайлы, қимас жандары мен достары туралы видео-ролик жасап, өз лебізін білдіріп әлеуметтік желіге жүктейді. Өзгелерге үлгі боларлықтай пайдалы да қызықты істермен айналысқан кездерінен видео-үзіктер дайындап салып, өз достарына шақырту жолдайды.
- Instagram әлеуметтік желісіндегі @Syrdaryny парақшасына тіркелу;
- Өз парақшасына салынған видеоға @Syrdaryny парақшасын белгілеп, #Балатілегі, #СырДарыны хештегтерін жазу;
- Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт;
- Осы посттың астына 3 досын белгілеп, эстафетаны жолдайды; (өзі жайында ақпаратпен қоса)
- Қатысушылар челлендж арқылы өздері челленджді кімнен қабылдағанын айтып, басқа достарына жолдайды;
- Видеоролик ұзақтығы: 1-3 минут
- Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.
Челленджді өткізу уақыты: 22 мамыр – 1 маусым, 2020 жыл.