Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының 2020 жылғы мамыр айындағы «1 маусым-Халықаралық балалар күніне арналған қашықтық және онлайн-форматтағы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Мен елімнің ертеңімін» қашықтық форматында балалардың үлкендерге қамқорлығы жөнінде шақыру тастау (челлендж) (бұдан әрі – Челлендж).
Челленджді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Челлендждің мақсаты мен міндеттері
- Білім алып жатқан жастардың «Сыйластық», «құрмет», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
- Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
- Сонымен қатар, жарқын болашақтың құлпытасы- жас буын, өздерінің қолдарында екендіктерін түсіндіру. Ел болашағын жоспарлаудағы баланың қиялына ерік беру.
Челленджді рәсімдеу талаптары мен шарттары
- @syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет
- Қатысушы өзінің үлкендерге жасаған игі істерін (өзі жайында толық ақпаратпен таныстыра отырып, келесі адамға жолдауды) видеоға түсіру арқылы өз достарын жақсылық жасауға шақырады (челленджді жолдайды)
- Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny парақшасын белгілеп, #менелімніңертеңімін, #сырдарыны хештегтерін жазу
- Осы посттың астына 3 досын белгілейді
- Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
- Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.
- Видеоролик ұзақтығы 1-3 минут аралығы.
Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 22 мамыр – 1 маусым аралығы