Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы
- 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қашықтық және онлайн форматында өтетін облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында Dance-life» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық отбасылық би байқауы (бұдан әрі- Байқау) өткізу ережелері оның мақсаты, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
Мақсаты: балалардың шығармашылық әулетін іске асыру үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және жандандыру, белсенді шығармашылық қызметке тарту.
Міндеттері:
балалар шығармашылығын насихаттау;
балалардың бос уақытын өткізу қызметі үшін жағдай жасау;
байқауға қатысушыларды жаңа шығармашылық жетістіктерге ынталандыру;
балалар арасында бейнеөнерді насихаттау;
балалардың бейне-қөзқарасының түпнұсқасын ашу және оны бейне роликтер арқылы көрсету
- Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқау 29 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында өткізіледі. Қатысушы өзі туралы мәліметті kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына а.ж. 29 мамырға дейін жолдауы қажет.
Байқауға 2020 жылғы 29 мамырдан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
- Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар
Хореографиялық шығармашылықты насихаттау, бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту ;
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
- Халық биі және халықтық-стильденген би:
а) әлем халықтарының биі;
б) қазақ биі.
- Заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас-би.
Би ұжымдары ұзақтығы 3 минутке дейінгі бір байқаулық нөмірден орындап, сапалы түрде видеоға түсіріп ұсынады. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары отбасылық мүшелерімен қатысу қажет.
4.Бағалау өлшемдері:
стильдердің үйлесімділігі және түпнұсқалығы, вариативтілігі;
жоғары сапалы орындаушылық;
би қойылымы-идеясы;
техникасы және орындаушылық деңгейі;
сюжеті мен әртістік шеберлігі;
сахналық көрінісі (костюммен жабдықталуы).
- Байқауды кәсіби әділқазылар алқасы 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасының I,II,III дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс» хаттарымен марапатталады .
Қатысушы жұмыстарын үйден шықпай орындауға болады, өзі жайлы ақпаратты толық жазу шарт (ауданы/қаласы,мектебі,сыныбы, толық аты-жөні).