Ұлттық зияткерлік олимпиадасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау болса, негізгі міндеттері- ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау мақсатында іс-шараларды әзірлеу, ұсыну және іске асырумен қоса, анықталған дарынды оқушылардың әлеуетін одан әрі дамытуға байланысты жүйелі түрде қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының басты ерекшелігі– бұл тек ауыл оқушыларына арналғандығында және оған қатысуға ешкім өтініш бермейтіндігінде болып отыр.
Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізілді – сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған.
I-Кезең – сырттай іріктеу.
Өткізу мерзімі -24 ақпан мен 13 наурыз аралығы
Олимпиадаға ауыл мектептерінде білім алатын 5-6 сыныптардың барлық оқушылары қатысады. (225 мектептен 18425 оқушы, оның ішінде 5-кл-9371,6-кл-9054 оқушы қатысты)
Іріктеу ағымдағы оқу жылының 1 және 2 оқу тоқсандарының төмендегі пәндер қорытындысы негізінде жүргізілді: «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі».
Іріктеуді білім және ғылым министрлігі ұйымдастырды. Қызылорда облысы бойынша бірінші сараптау кезеңінен жұлдызы жарқырап, бағы жанып, бәйгеден оза келген ауыл мектептерінің 5-6 сыныбынан облыстан жоғары балл жинаған 301 оқушы 2-кезеңге жіберілді. (5-сынып -150, 6-сынып -151)
IІ кезең-тікелей жазбаша тестілеу.
Бұл кезеңде тестілеу нәтижелері бойынша 1000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Бағалауда оқушылардың когнитивті дағдыларын сынаққа салады. Яғни үміткерлердің логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін анықтай алатын тапсырмалар берілді.
Олимпиада өткізу барысында төрт аудан орталықтарында қатаң санитарлық шектеу шараларын сақтай отырып, сыныптар бейнебақылаулармен жабдықталып өткізілді. Толығырақ тоқтала кетер болсақ,
Арал және Қазалы аудандарынан- 53 оқушы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейінде;
Қармақшы ауданынан 34 оқушы №250 мектеп-лицейінде;
Жаңақорған ауданынан 53 оқушы №110 мектеп-лицейінде;
Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласына қарасты ауыл мектептерінен қатысушы 116 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өз бақтарын сынап көрді.
2020 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының порталындаауыл оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық олимпиадасында жеңіске жеткен1000 жеңімпаздың есімі жарияланды. Нәтижесінде олимпиада жеңімпаздарына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға басым құқық берілді.
РФММ-ға 6 оқушы:
Жалағаш Сырдария-№130- Құрмантай Айана Әділбекқызы-61 балл;
№123- Әділбек Нұрдәулет Нұрлыбекұлы-91 балл;
Шиелі №50- Сүйіндікова Ұлдана Ғарифоллақызы-85 балл;
Сырдария №37- Ақдәулетов Данияр Тимурұлы- 80 балл;
Жаңақорған 125- Әлиасқар Заңғар Нұржанұлы- 80 балл;
Қазалы №170- Дарханұлы Ерасыл- 79 балл;
Арал №75- Майдан Сая Майданқызы- 79 балл.
№9 БИЛ-не 3 оқушы:
Жаңақорған №125- Болысбек Мұрагер- 74 балл;
Жаңақорған №169- Серхожа Мұһаммедәлі Нұрланұлы- 65 балл;
Шиелі №127- Төлеген Әлтайыр Ғалымжанұлы- 60 балл.
№10 БИЛ-не 3 оқушы:
Жаңақорған №169- Шамшидин Еңлік Дәуренқызы-75 балл;
Жалағаш№232- Серікбайқызы Ақниет Батырбекқызы- 69 балл;
Қазалы №165- Жолдыбай Алейна Маратқызы- 64 балл.
№4 ОДМИ-на 9 оқушы:
Қазалы №92- Сәулет Айым Сәбитқызы- 63 балл;
Қазалы №104- Атшабар Ақжүніс Темірханқызы- 61 балл;
Сырдария №130- Құрмантай Айана Әділбекқызы-61 балл;
Шиелі №228- Дәуренбекқызы Жібек-61 балл;
Жаңақорған №169- Жұмат Ділнұр Жомартқызы- 60 балл;
Қазалы №70- Бөлеген Аяжан Жадырасынқызы- 59 балл;
Қармақшы №99- Орынбеков Ахмет Темірбекұлы- 59 балл;
Шиелі №270- Дүйсеманова Диана Жарқынбекқызы-59 балл;
Жалағаш №246- Ғалымбекқызы Мақпал-59 балл;