Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті ұстазым» қашықтық форматында ұлағатты ұстаздары туралы әңгімелер қамтылатын челлендж (бұдан әрі – Челлендж).
Челлендждің мақсаты мен міндеттері:
-Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы мұғалімнің ролі
-оқушылардың, ата-аналардың мұғалімдер туралы, оқушылардың тұлғалық және қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік беру.
-ұстаздың әр оқушыға, досқа жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру:
-ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту:
-ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Челленджді рәсімдеу талаптары мен шарттары
1.@syrdaryny парақшасына тіркелу міндетті
2.Қатысушы өзінің сүйікті ұстазы, ұстаздың өмірдегі ерекше орны жайлы айтып (өзі жайында толық ақпаратпен таныстыра отырып, келесі адамға жолдау) видеоға түсіру арқылы достарын сүйікті мұғалімдері туралы бөлісуге шақырады (челленджді жолдайды)
3.Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny парақшасын белгілеп, #меніңсүйіктіұстазым, #сырдарыны хештегтерін жазу
4.Осы посттың астына 3 досын белгілейді
5.Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
6.Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.
7.Видеоролик ұзақтығы 1-3 минут аралығы.
Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 1-6 қазан күндері