Жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы өткізу ережесі
1.Жалпы ережелер
1.2.Осы ереже 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыруды, әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу тәртібін және жеңімпаздарды айқындайды.
1.3.Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
1.4.Олимпиада жылсайын облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен өңірлік «Дарын» орталықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарымен, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп қазан-желтоқсан айларында өткізіледі.
1.5.Олимпиада жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде 5-6 сыныптар үшін математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізіледі.
2.Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1.Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.
1кезең–мектепішілік;
2кезең–аудандық/қалалық
3кезең–облыстық, республикалық олимпиадаға теңестірілген.
2.2.Олимпиаданың өткізілуін бақылау кестеге сәйкес облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен өңірлік «Дарын» орталықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарымен, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-на жүктеледі.
3.Олимпиаданының ұйымдастыру комитеті:
3.1.Олимпиаданың барлық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу үшін «Дарын» РҒПО республикалық ұйымдастыру комитетін құрады. (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
3.2.Республикалық ұйымдастыру комитеті:
1.Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
2.Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу мерзімін белгілейді;
3.Олимпиаданың қорытындыларын шығарып, талдайды.
3.3.Олимпиаданың барлық кезеңдеріне арналған тапсырмаларды «Дарын» РҒПО әзірлейді және бекітеді.
4.Олимпиаданың қазылар алқасының қызметі
4.1.Қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары, әдіскерлер, біліктілігі жоғары тәжірибелі мұғалімдер, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілуі мүмкін.
4.2.Қазылар алқасы әр кезеңде олимпиадаға қатысушылардың жазбаша жұмыстарын тексереді, қатысушылар мен орындалған тапсырмаларға талдау жүргізеді, олардың нәтижелерін бағалайды. Жеңімпаздарды анықтайды, жүлделі орындарды бөледі және Ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздарды марапаттау жөнінде ұсыныстар береді.
4.3.Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Олимпиаданың хатттамалары аудандық/қалалық, облыстық білім басқармаларында, өңірлік «Дарын» орталықтарында, республикалық білім беру ұйымдарында, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-да және «Дарын» РҒПО-да сақталады.
5.Олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды анықтау
5.1.Олимпиаданың аудандық кезеңіне мектепішілік кезеңде І, ІІ және ІІІ орын алған, облыстық кезеңіне аудандық кезеңде І, ІІ орын алған (жоғары ұпай жинаған 2 қатысушы) оқушылар қатысады.
5.2.Барлық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ орындарды алған қатысушылар есептеледі.
5.3.Мектепішілік және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жергілікті білім беру саласындағы атқарушы органдардың дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.
5.4.Олимпиданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
5.5.Олимпиданың қорытындысы қатысушылардың назарына жеткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында және «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.
«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ақпараттық хаты
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 14 қазандағы №110-нқ/1 санды бұйрығына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада 3 кезеңде қашықтан математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өткізілетіндігін хабарлайды.
Осыған сәйкес, мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңінің қорытынды есебі мен өткізілгендігі жайында хаттамасын 1 қосымшаға сәйкес а.ж. 23 қараша күні syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жіберуді сұрайды.
Ескерту: Мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңнің тапсырмалары олимпиада өтетін күні 7.00-де жауапты мамандардың электронды пошталарына жолданады. Барлық кезеңдердің өткізілуі ZOOM платформасы арқылы қадағаланады.
Мектепішілік кезең-23 қазан;
Аудандық кезең-20 қараша;
Облыстық (республикалық кезеңге теңестіріледі) кезең-9 желтоқсан күні жергілікті уақыт пен 09.00-де басталады.
Олимпиада өткізілуі жайында ақпарат жауапты мамандарға қосымша хабарланады.