«Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе конкурсына қатысуға шақырамыз!


Ауыл мектептерінің 6-9 сынып оқушылары арасында
«Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе конкурсының ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
1.1.Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына және «Қызылорда облысының ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі» 2020 жылғы жол картасына сәйкес ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушылары арасында «Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық сырттай эссе конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
1.2.Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1.Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
2.2.Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
2.3.Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;

3.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1.Конкурс 2020 жылдың 4 қараша күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі. Конкурсқа қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2020 жылдың 30 қазанына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
3.2.Конкурс аяқталған күннен кейін – эсселер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес эсселер қарастырылмайды.
3.3.Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

4.Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
4.1.Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
4.2.Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.
4.3.Құжат MS Word форматында жазылады;
Қаріп түрі Times New Roman;
Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.
4.4. Эссе мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
-автордың аты-жөні (толық);
-облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
-білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
-авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
4.5.Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты. Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.

5.Бағалау критерийлері
5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
-ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
-шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
-жазба тілінің сапасы;
-зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
-сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
5.2.Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

6.Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
6.1.Конкурсты бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 6-7 және 8-9 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
6.2.Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау нәтижесі 2020 жылдың 5 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 8771-511-37-87 байланыс нөмірінен білуге болады.