2020 жылдың 28 қазан күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырумен 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN EСOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының республикалық экологиялық конкурсының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты: қоршаған ортаның сапасын жақсартатын практикалық ic тәжірибесін іске асыру арқылы, білім алушылардың экологиялық бағдарланған мінез-құлқын қалыптастыру, оқушылардың назарын Қазақстан елдеріндей экологиялық проблемаларға аудару, шығармашылық және экологиялық білім беруді дамыту болып табылады.
Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:
-Туған өлкенің табиғаты мен пейзажы тақырыбындағы үздік сурет;
-Қайта өнделген материалдар мен қалдықтардан жасалған үздік қолөнер жұмысы;
Облыстық конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарынан 37 оқушы қатысып, үздік деп танылған 16 оқушының жұмыстары республикалық кезеңге ұсынылды.
Тоқыма өндірісі: гобелен, кесте, батик, киіз басу, патчпен жұмыс жасау номинациясы бойынша:
Қармақшы ауданы, №275 мектеп оқушылары-Дастанқызы Камшат, Алиева Жайна; Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу номинациясы бойынша:
Қызылорда қаласы, Мұрагер мектебінің оқушысы-Марат Ержігіт, №5 мектебінің оқушысы-Ишанбек Бекзат;
Әйнекті көркем өңдеу номинациясы бойынша:
Қызылорда қаласы, №264 мектеп оқушысы-Төлепберген Зере, №173 мектеп оқушысы- Цой Владислав;
Металды көркем өңдеу номинациясы бойынша:
Қызылорда қаласы, №197 мектеп оқушысы -Әніс Шыңғыс
Ағаштан, тастан, саздан(қыш саз) сабаннан, тоқыма бұйымдарынан шағын мүсіндер жасау номинациясы бойынша:
Қармақшы ауданы, №275 мектеп оқушылары-Таңатарова Асылзат Күптлеуов Сұлтанбек;
Ұлттық ою-өрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау номинациясы бойынша:
Қармақшы ауданы, №275 мектеп оқушысы-Нағашыбаева Мадина, Қызылорда қаласы, №1 мектеп оқушысы- Ермахан Анель;
Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше номинациясы бойынша:
Қармақшы ауданы, №275 мектеп оқушысы-Әби Аяжан, №269 мектеп оқушысы-Сугурбаева Альмира;
«Пейзаж» номинациясы бойынша: Қызылорда қаласы, №4 ІТ мектеп-лицей Жалғасбай Әсет;
«Этюд» номинациясы бойынша: Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицей оқушысы- Құбайдолла Малика;
«Менің Отаным» номинациясы бойынша: Қызылорда қаласы, №264 орта мектеп Өмірзақов Алихан;