2020 жылдың 4 қараша күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында ауыл мектептерінің 6-9 сынып оқушылары арасында «Экология және біз» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері: Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастырумен қатар, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
Облыстық эссе конкурсына 49 оқушы қатысып, 15 оқушы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Мәдібек Дарын- Шиелі ауданы, №41 мектептің 6 сынып оқушысы;
Ержанова Айжан- Қармақшы ауданы, №273 орта мектептің 8 сынып оқушысы;
Шауқанбаева Аида- Қармақшы ауданы, №27 орта мектептің 9 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Жеткерген Жазира- Арал ауданы, №67 мектептің 6 сынып оқушысы;
Әдіс Шерхан- Жалағаш ауданы, №202 мектептің 7 сынып оқушысы;
Ержанқызы Ақбота- Қармақшы ауданы, №279 мектептің 8 сынып оқушысы;
Қайназарова Арайлым- Қармақшы ауданы, №273 мектептің 8 сынып оқушысы;
Берді Арайлым- Жалағаш ауданы, №123 мектептің 9 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Есенғараева Гүлнафис- Сырдария ауданы, №174 мектептің 7 сынып оқушысы;
Жүнайт Нұрсезім- Жаңақорған ауданы, №247 мектептің 7 сынып оқушысы;
Сақташ Аяулым- Арал ауданы, №75 мектептің 8 сынып оқушысы;
Амангельдиева Аяжан- Шиелі ауданы, №45 мектептің 8 сынып оқушысы;
Сағатова Жібек- Қызылорда қаласы, №39 мектептің 8 сынып оқушысы;
Байұзақ Бекзат- Қызылорда қаласы, №128 мектептің 9 сынып оқушысы;
Бақыт Ағжан- Қызылорда қаласы, №39 мектептің 9 сынып оқушысы.