Жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Елбасы жолы» тақырыбындағы қашықтан облыстық эсселер конкурсының ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1.Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Елбасы жолы» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
1.2.Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1.Елбасының еңбек жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгіштікке баулу.
2.2.Білім алушыларды Елбасының қамқорлық, жақсылық және толеранттылық идеялары мен өнегелері негізінде тәрбиелеу.
2.3.Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назабаев өмірінің үлгісінде оқушылардың көшбасшылық туралы түсініктерін кеңейту: шешім қабылдау, өз еліне деген жауапкершілік, болжау білігі, қойылған мақсатқа нық қадам жасау.
2.4.Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
2.5.Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
3.Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1.Конкурс 2020 жылдың 10 қараша күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі. Конкурсқа қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2020 жылдың 4 қарашасына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
3.2.Конкурс аяқталған күннен кейін – эсселер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес эсселер қарастырылмайды.
3.3.Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
4.Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
4.1.Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
4.2.Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.
4.3.Құжат MS Word форматында жазылады;
Қаріп түрі Times New Roman;
Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.
4.4.Эссе мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
-автордың аты-жөні (толық);
-облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
-білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
-авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
4.5.Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты.
4.6.Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
5.Бағалау критерийлері
5.1. Ең үздік эсселерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
жазба тілінің сапасы;
зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
6.Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
6.1.Конкурсты бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-9 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
6.2.Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Конкурс нәтижесі 2020 жылдың 26 қарашасы күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.