«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында «Балалар бастауы – 2021» балалардың әлеуметтік бастамалары конкурсының облыстық кезеңінің қорытынды ақпараты
2021 жылдың 8 сәуірі күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен балалардың әлеуметтік бастамаларын іске асыру шеңберінде «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2021» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Байқаудың негізгі міндеттері балалардың бастамаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешуге қоғамның назарын аудару және әртүрлі бағыттар бойынша әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату болып табылады. Сондай-ақ, балаларды әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асыруға қатысуға ынталандыру және ынталандыруды арттыру.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын саралауда «Нұр Отан партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының «саяси жұмыстар» бөлімі меңгерушісі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық доценті, сонымен қатар №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының орынбасары шақырылып, республикалық кезеңге қатысушы оқушы іріктеліп алынды.
«Балалар бастауы-2021» әлеуметтік жобасының облыстық кезеңіне 30 ға жуық оқушы қатысып, 6 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
Шералиева Саяжан- №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Асхатқызы Бану- Қармақшы ауданы, №275 мектептің 9 сынып оқушысы;
Баймұратова Ақниет- Қармақшы ауданы, №275 мектептің 9 сынып оқушысы;
Серікқызы Айзада- Қызылорда қаласы, №7 мектептің 10 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Мырзағұл Ұлдана- Қызылорда қаласы, №257 мектептің 8 сынып оқушысы;
Толыбай Гүлай- Қызылорда қаласы, №278 мектептің 9 сынып оқушысы.
Қатысушыларымызды дайындаған ата-аналарына, ұстаздарына, әдіскерлеріне алғыс білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!