- Жалпы ережелер
1.1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 1-9 сынып оқушылары арасында «Желбіре жеңіс жалауы» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру;
2.2. Оқушыларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту;
2.3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, жастарды медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
- Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-4 минуттан аспау қажет.
3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3.3. Конкурсқа ауыл мектептерінің 1-9 сынып оқушылары қатыса алады.
3.4. Қатысушы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңіс күніне орай алғыс түріндегі немесе өз өлкесінен шыққан соғыс майталмандары және өзінің соғыс ардагері болған ата-әжелері туралы 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
3.5. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.
3.6. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
3.7. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
3.8. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
3.9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушы мен жетекшіге ғана тиесілі болуы керек.
3.10. Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 28 сәуіріне дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.
- Бағалау критерийлері
4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:
– бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);
– бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).
4.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 5 мамырында syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.