- Жалпы ережелер
- Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысын өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
- Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
- Жарыстың міндеттері:
әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;
инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;
техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;
топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
- Жарысты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі және қашықтық форматтарында өткізеді.
- Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
- Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі
.
- Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Жарысқа қатысу туралы өтінім kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
- Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) Жарыстың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің Республикалық жарысқа қатысуы туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
- Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:
1) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңінің Жарыс қорытындылары бойынша республикалық Жарысқа қатысу үшін білім алушыларды және команда жетекшісін жіберу туралы білім басқармасы басшысының бұйрығы;
2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
3) қатысушылардың тізімі;
4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.
- Жарысты өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
- Жарысқа қатысушылар
- Жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Жарысқа қатысушылардың жас санаты: 11-17 жас (18 жасқа дейін).
- Жалпы қатысушылар саны – 170 адам (9 білім алушы және 1 жетекші).
- Топ жетекшісінің міндеттері:
– жетекші топ қатысушыларының тәртібін, қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылайды және жауап береді;
– жарыстың видеоматериалдары мен хаттамаларын ұйымдастырушыларға кесте бойынша жібереді;
– модельдердің кластары бойынша қатысуға топтардың уақытында қатысуын қамтамасыз етеді;
– ұйымдастыру комитеті мен төрешілер алқасының барлық талаптарын орындау, педагогикалық этиканы сақтау;
– жарысқа қатысушыларға нұсқаулық өткізеді;
– өз телімінде қажетті үлгілердің болуын, жарамдылығын және ақаулығының болмауын бақылайды;
– ұйымдастырушыларға қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жіберу және өтінім беру.
- Жарысты өткізу тәртібі және шарты
- Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Жарыс екі кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік жарыс;
аудандық (қалалық) жарыс;
облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Жарыс.
екінші кезең (қорытынды) – республикалық жарыс.
- Жарыстың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
- Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі, 1 қатысушы 2 номинация бойынша қатыса алады:
Радиомен басқарылатын көлік модельдері:
1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;
2) 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги -10Э;
3) багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.
Автотрассалық модельдеу:
1) Production-32;
2) Production-24.
Қашықтық форматында автотрассалық модельдеу драгстер сызбасы бойынша өткізіледі:
1) Production-32;
2) Production-24.
Әуе модельдері:
1) F-3-Р (пенолёт) моделі;
2) кордалы F-2-В;
3) кордалы жарты копия, контурлы моделі;
4) F-5-J планері (мотор уақыты 15 секунд, 3 банкадан артық емес батарея, сондай-ақ 3С элетролеті).
Қашықтық форматында F-5-J планері (мотор уақыты 15 секунд, 3 банкадан артық емес батарея, сондай-ақ 3С элетролеті) квадракоптерге алмастырылады.
Кеме модельдері:
1) F-4-В немесе F-4–С (бір модель);
2) FSR –ЕСО- MINI EXPERT – F-3-Е маршруты бойынша;
3) Ф -2 – А;
4) FSR- ЕСО-STANDART – F-3-Е машруты бойынша.
Қашықтық форматында жоғарыда көрсетілген модельдерді өткізу шарттары:
1) кестеге сәйкес модельдерді іске қосуды бастау http://webinar.ziyatker.org онлайн-платформасында трансляцияланады;
2) сонымен қатар, әр өңір толық қанды фото-видео түсірілімді ұйымдастырып, Жарыстың хаттамасын жүргізуі қажет;
3) трансляция (тікелей эфир) аяқталғаннан кейін 3 сағат ішінде әрбір өңір әділ қазылар алқасы мүшелерінің жете қарауына MPEG4, AVI форматындағы видеоны, 4 фотосуретті және жарыс хаттамасының сканерленген нұсқасын rumcdo_nto@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Трансляцияға арналған http://webinar.ziyatker.org онлайн-платформасына сілтеме және қатысу кестесі Жарыс өткізілгенге дейін қосымша 3 күн бұрын хабарланады.
Зымыран модельдері:
1) S6А – стример;
2) S9А – ротошют.
Қашықтық форматында жарыстың зымыран модельдер түрін өткізу шарттары:
1) видео түсірілім (модельдерді іске қосуды бастау, ротошют немесе стримердің ашылу сәті, зымыранның жерге тигенге дейін парашюттеу уақытын белгілеу), 4 фотосурет және Жарыс хаттамасының сканерленген нұсқасы kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі;
2) қатысушылар ұсынған барлық видео жазбалар және жарыстың хаттамалары әділ қазылар алқасының қарауына беріледі.
Жарыстың әрбір түрі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы өлшемдеріне сәйкес осы спорт түрлеріне арнайы жасалған далалық алаңда немесе жабық ғимараттарда өткізіледі.
- Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Қашықтық форматында Жарыстың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2021 жылғы 18 маусымда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
- Жарысқа жіберілген видеоматериалдар қайтарылмайды. Жарысты ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жарыстың видеоматериалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
- Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, марапатталады.
1-қосымша
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың
(әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысына қатысуға өтінім
Номинация |
Модельдердің кластары |
Қатысушының Т.А.Ә. |
Туған жылы, сыныбы |
Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
Білім беру ұйымы |
Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісі: (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) _______________________
____________________________ облысы
Білім басқармасының басшысы ___________________ Т.А.Ә.
(қолы)