- Жалпы ережелер
- Осы ереже «Алау» әскери-спорттық ойынның Республикалық финалының (бұдан әрі – Республикалық ойын) мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
- Республикалық ойынның мақсаты: жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру.
- Республикалық ойынның міндеттері:
1) ойын әрекеті негізінде оқушылардың бастамашылдығын және дербестігін дамыту;
2) қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу және насихаттау;
3) өңірлерде өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жетілдіру және белсендіру;
4) білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы, шығармашылығы, олардың қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау;
5) жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің мотивациялық негіздерін қалыптастыру;
6) тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру;
7) өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу.
- Республикалық ойын күндізгі және қашықтық форматтарында өткізіледі.
- Республикалық ойынды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматта өткізеді.
- Республикалық ойынның ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
- Республикалық ойынға қатысушылар
- Республикалық ойын екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – Өңірлік:
мектепішілік ойын: желтоқсан;
аудандық (қалалық) ойын: қаңтар;
облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық ойын: ақпан;
2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық ойын: сәуір.
- 11. Республикалық ойынның өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.
Мектепішілік ойынның нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған командалар аудандық (қалалық) ойынға қатысады. Облыстық ойындарға аудандық (қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
- Күндізгі форматтағы Республикалық ойынның финалына облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңдеріндегі Ойын жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-14 жастағы 7-8 сынып білім алушылары ұлдар мен қыздар қатысады (7 ұл, 2 қыз).
- Республикалық ойынға қатысушылар саны: барлығы 170 адам, әр өңірден келген команда – 10 қатысушыдан: 9 оқушы + 1 команда жетекшісі.
- Республикалық ойынды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік команда жетекшісіне жүктеледі.
- 15. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:
білім алушылардың және команда жетекшісінің Ойынның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық ойынға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;
қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
қатысушылардың тізімі;
дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.
- Карантин кезіндегі Республикалық ойынның өңірлік кезеңдері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.
4-тарау. Республикалық ойынды өткізу тәртібі
- Республикалық ойын келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Саптық байқау. (Күндізгі)
Барлық команда қатысады. Сыртқы келбеті, бөлімше құрамында саптық тәсілдерді сол жерде және қарусыз қозғалыста орындауы, салтанатты маршпен өтуі, саптық әнді орындауы тексеріледі.
Команданы бір қатарда сапқа тұрғызу, саптан шығу және бөлімше командирінің жарыстың бас төрешісіне (команда басшысына онлайн режимінде) баяндамасы, команданы екі қатарға қайта құру, бір орнында бұрылу (Сол-ға, Оң-ға, Ке-рі), салтанатты маршпен өту (жарыстың бас төрешісіне офлайн режимінде немесе команда басшысына онлайн режимінде құрмет беру), саптық әнмен команданың өтуі.
Командаларды мемлекеттік тілде және ҚР ҚК саптық жарғысына сәйкес беру міндетті шарт болып табылады.
Киім үлгісі ҚР ҚК киім нысанын көшірмеуі тиіс (шеврондарға, белгілерге, ҚР ҚК символикасына рұқсат етілмейді).
Қашықтық форматында.
Республикалық ойынды ұйымдастырушыларға МР4 форматында http://www.youtube.com. каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі. Нәтижелер командалық есепте анықталады. Бейнетүсірілім алдыңғы жағынан-бүйірден жүргізіледі.
Бағалау өлшемдері:
командирдің әрекеттері;
командалардың саптық реттілігі – қатысушылардың команда құрамында анық, бірыңғай және келісілген әрекет ете білуі;
команда мүшелерінің сыртқы келбеті.
- Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған «Ерлікке жүрегіңмен жақында» байқау – сайысы. Барлық команда қатысады. Байқауға қатысушылар деректемелерімен үйлесімді музыкалық және көркем шеберлігін көрсетуі тиіс.
Біріншілік вокалдық және актерлік шеберлік, қойылым; костюмдер мен деректемелер өлшемдері бойынша анықталады. Нәтижелер командалық есепте анықталады.
Қашықтық форматында.
Республикалық ойынды ұйымдастырушыларға МР4 форматында http://www.youtube.com. каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.
Бағалау өлшемдері:
– ән репертуарының байқау тақырыбына сәйкестігі;
– орындаушылық шеберлігі;
– сахналық мәдениеті;
– сыртқы түрі;
– көркемдігі (әсерлі орындауы).
- Аралас эстафета. (Күндізгі)
2 кезеңде өткізіледі.
1 кезең: 7 ұл, 2 қыздан тұратын команда қатысады.
Жүгіру 25 метрден 9 адам орындайтын эстафета түрінде (еркін стиль) орындалады.
Айыппұл: екі рет жалған орындалған жүгірістен кейін команда жарыстан алынып тасталады.
2 кезең: турникке тартылу және арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру. Барлық команда қатысады, ұлдар турникке тартылады, ал қыздар арқамен жатып денені жазықтықта (кілемде) жерден көтеріп түсіреді. Командалар арасындағы біріншілік тартылу мен денені жерден көтеріп түсірудің ең көп саны және бойынша анықталады (орташа арифметикалық).
Қашықтық форматта тек 2 кезең орындалады. Турникке тартылу. 5 ұл қатысады. Жеке бейнероликтер – MP 4 форматында жазылады, бейнетүсірілім 45 градус ракурстан алдыңғы жағынан-бүйірден, турниктің деңгейінде жүргізіледі. Нәтижелер командалық есепте анықталады.
Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру. 2 қыз қатысады.
Қатысушылар Республикалық ойынды ұйымдастырушыларға MP 4 форматында жеке бейнероликтерді жолдайды, бейнетүсірілім бүйірінен, төменнен жүргізіледі. Нәтижелер командалық есепте анықталады.
- Тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау.
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Ерлік!» (үй жұмысы) Ұлы Отан соғысының ардагері немесе тыл еңбек ері, батыр жерлесіміздің тағдыры туралы.
Команда жетекшісінің басшылығымен барлық команда қатысады.
Команда зерттеу жобасын 7 минут ішінде (көп емес, уақыт тіркеледі, жобаны қорғау 7 минуттан кейін үзіледі) презентация, бейнематериалды көрсету, көркем (сахналық) нөмір немесе басқа шығармашылық жұмыс түрінде қорғайды.
Бағалау өлшемдері:
материалдардың жаңашылдығы;
қабылдау сенімділігі мен қол жетімділігі;
материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі;
сыртқы көріністің эстетикасы;
жұмыстың айқындылығы.
Байқаудың қашықтық форматында жобаны қорғау ZOOM платформасында онлайн режимінде жүзеге асырылады.
- Атыс даярлығы. (Күндізгі)
Пневматикалық винтовкадан спорттық атыс бойынша 1 жаттығу: қатысушылар – 4 (2 ұл және 2 қыз). Атыс ашық нысанасы бар пневматикалық винтовкадан жүргізіледі. Ату дистанциясының арақашықтығы – 10 метр. №8 «П» спорттық нысана. Атыс жайы – тірексіз тұрып ату. Атыс саны – 8 (сынақ атысы – 3, есепке алынатын атыс – 5). Атуға бөлінген уақыт – 10 минут. Командалық есеп нәтижесіне қосынды ұпай кіреді.
- «АК-74 бөлшектеп бұзу және жинау» нормативін орындау. Қатысушылар – 2 (1 ұл, 1 қыз).
Жеңімпаз (жеке және командалық біріншілік) нормативті орындауға арналған ең аз уақыт бойынша анықталады. Әрбір қатысушының уақыты командалық нәтижені анықтау үшін жинақталады.
Қашықтық форматта «АК-74 ММГ бөлшектеу және жинау» орындалады. АК-74 ММГ бөлшектеу уақыты бөлек тіркеледі, АК-74 ММГ жинау бөлек бекітіледі.
Оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында АК-74 ММГ бөлшектеу кезінде керек-жарақтары бар пеналды ұядан шығаруға тыйым салынады.
Қатысушы секундомерде орындау уақытын қамти отырып, МР4 форматында бейнеролик түсіреді және оны http://www.youtube.com. каналына орналастырады, ұйымдастырушыларға бейнематериалға сілтемені жібереді.
- Қатысушыларды марапаттау
- Республикалық ойынның қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
- Республикалық ойынды қаржыландыру
- Республикалық ойынның аудандық, облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ойын кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
Қатысушылардың іс-шараны өткізу орнына барар жолда және кері қайтатын жолда жол жүруі мен тамақтануына шығыстарды төлеуді жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Финалды өткізу кезінде қатысушылардың тамақтануына, тұруына және Байқауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1-қосымша
«Алау» әскери-спорттық ойынның Республикалық финалына қатысуға өтінім
№ р/с |
Қатысушының аты-жөні |
Қатысушының туған күні |
Тұратын мекен-жайы (облыс, қала, ауыл, көше, үй, пәтер номері, телефоны) |
Білім беру ұйымы, сыныбы, курсы |
Оқыту тілі |
Команда аталуы |
Команда жетекшісінің аты-жөні (толық), байланыс телефондары |