2018 жылғы 26 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты облыстық шығармалар конкурсы (сырттай) өтеді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
– Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
– Қазіргі жастарға туған жердің маңыздылығын ұғындыру;
– Туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызу;
– Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, оқушылардың қабілеттерін арттыру.
Шығармалар конкурсы екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – аудандық/қалалық жалпы білім беру ұйымдары мен облыстық білім беру мекемелерінің базасында а.ж. 19 қазанға дейін өткізіліп, ұсыныстар syrdaryny@mail.ru электронды поштасына а.ж. 23 қазанға дейін жіберілуі керек.
Екінші кезең – облыстық кезең а.ж. 26 қазан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Конкурс аяқталған күннен кейін шығармалар қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес, тақырыптан тыс шығармалар қарастырылмайды.
Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.
– Құжат MS Word форматында жазылады;
- Қаріп түрі Times New Roman;
- Қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
Шығарма мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
– тақырыбы (қою әріппен);
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
* Шығарманың орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.)
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.