«Дарын» облыстық қосымша
білім беру орталығының
14.07.2021 жылғы
№03-9/394 хатына
қосымша №1
«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» тақырыбындағы қашықтан
облыстық эссе байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Қызылорда облысының білім басқармасының «Демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасы» жоспарының орындалуы туралы 28.05.2021 жылғы №115-нқ/1 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 11-15 жас оқушылары арасында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында қашықтан облыстық эссе байқауы (бұдан әрі – Байқау) өткізіледі.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқау талаптары
- Қатысушы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эссе жазуы шарт.
- Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 11-15 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
- Эссе ережесіне сәйкес:
– 5 сыныптар үшін- 70-80;
– 6 сыныптар үшін- 80-90;
– 7 сыныптар үшін- 90-100;
– 8 сыныптар үшін- 100-150;
– 9 сыныптар үшін- 150-200 сөзді қамту керек..
- Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, MS Word форматында орындалады:
– Қаріп түрі Times New Roman;
– Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.
- Эссені рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
- Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 5 тамызына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Жеңімпаз оқушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталады.