Жазғы уақытта балалардың демалыс кезеңдерін, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 2021 жылдың 26.07-01.08 аралығында «Онлайн каникул» іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушылары арасында қашықтан «Күй тартыс» атты байқау өткізілді.
Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық тәрбиелеуге жағдай жасайды. Музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтап, музыкалық шеберлікті арттырып, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған.
Байқауға барлығы 18 оқушы қатысып, 4 оқушы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 4 оқушы алғыс хатымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
Алтынбек Келімбек,
-Қазалы ауданы Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің 5-сынып оқушысы
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Мүтәліпова Сәбина,
-Шиелі ауданы, Өнер мектебінің 7-сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Шәмен Мирас,
-Шиелі ауданы, Өнер мектебінің 6-сынып оқушысы
Қалиева Ағайша
-Жаңақорған ауданы, Әлшекей өнер мектебінің 7-сынып оқушысы
Алғыс хат иегерлері:
Хамза Бекжан
-Қазалы ауданы, Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің 5-сынып оқушысы
Махамбетова Ажар
-Қармақшы ауданы, №99 мектебінің 5- сынып оқушысы
Зәкен Айбек, Зәкен Нұрбек
– Жаңақорған ауданы, Әлшекей өнер мектебінің 7-сынып оқушысы
Нағашыбеков Ернат
-Жаңақорған ауданы, Әлшекей өнер мектебінің 7-сынып оқушысы
Марапат иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!