Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектеп алды даярлық топтарының оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектеп алды даярлық топтарының оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Ұйымдастырушылар Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;
- Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мемлекеттімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
- Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.
- Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.
Байқауға қатысушылар
- Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.
- Байқауға қатысу туралы ұсыныстар білім бөлімдері басшыларының (аудандық/қалалық) бекітуімен 2021 жылдың 12 қарашаға дейін жинақтап, elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет. Жіберілген жұмыстар басқа еш жерде жарияланбаған болуы шарт.
Бағалау критерийлері
- Салынған суреттің сапасы;
- Тақырыпқа сай композициясының болуы;
- Бояуының ерекшелігі;
- Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
Марапаттау
- Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталады.
- Байқау нәтижесі 2021 жылдың 17 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/Қала |
Жұмыстың тақырыбы |
Сыныбы/Тобы |
Дайындаған тәрбиешісінің /мұғалім аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі) |
(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады.)