«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирін өткізу ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңін (бұдан әрі – Турнир) өткізу ережелері мақсатын, міндеттерін, оны өткізу тәртібін, қаржыландыруын анықтайды.
  2. Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Турнирдің міндеттері:

1) демократиялық қоғамда оқушылардың өмірлік іс-әрекетінің азаматтық ұстанымы мен дағдыларын қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу;

2) білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, академиялық білім деңгейін арттыру, оқушылардың шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту;

4) білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру;

5) қазақстандық қоғамда орын алған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы балалар мен жастарды өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарға пікірталасқа тарту бойынша жұмысты жандандыру;

6) оқушылар арасында пікірсайыс ойындары мен сындарлы пікірталастарды насихаттау, республиканың пікірсайыс клубтары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.

  1. Турнир Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен өткізіледі.
  2. Турнирді ұйымдастырушылар төрешілер алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

2-тарау. Турнирді өткізу уақыты

 

  1. Байқау 2022 жылғы 28 қаңтарда өткізіледі.
  2. Турнирге қатысу үшін білім басқармалары басшыларының қолы қойылған өтінімдер электронды поштасына 2022 жылғы 21 қаңтарға дейін 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.

Хатқа мыналар қоса тіркеледі:

қатысушылардың, команданы алып жүрушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

қатысушылар туралы мәліметтер (Т. А. Ә., туған жылы, сыныбы, оқу/жұмыс орны, телефоны), сондай-ақ қазақ және орыс лигалары командаларының жаттықтырушылары туралы деректер.

 

 

  1. Турнирге қатысушылар

 

  1. Турнир екі кезеңде өткізіледі:

1)бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Турнир;

аудандық (қалалық) Турнир;

2) екінші кезең – республикалық турнир.

  1. Турнирдің бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.

Турнирдің өңірлік кезеңдері карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол берілмейді, немесе қашықтан өткізіледі

  1. Мектепішілік Турнирлердің жеңімпаз командалары аудандық (қалалық) турнирлерге қатысады. Облыстық турнирлерге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаздары қатысады.
  2. Облыстық турниргеқалалық, аудандық,облыстық Турнирінің жеңімпаздары – жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып білім алушылары қатысады.
  3. Облыстық Турнирге қатысушылардың саны: 6 адам әр өңірден 6 білім алушыдан (2 адамнан 3 команда) құралған команда: қазақ және орыс тілді, ағылшын командалары.
  4. Турнирді өткізу шарты және тәртібі

 

  1. Турнирдің өңірлік кезеңдерін өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеттері турнирлерді өткізу шарттары мен тәртібін дербес айқындайды.
  2. Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізіледі (2-қосымша).
  3. Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.

Іріктеу ойындары 4 раундтан құралады. Әр раундқа бір қарар беріледі. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар tabbycat арнайы бағдарламасы бойынша іріктеледі.

  1. Іріктеу ойындарының төртінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізіледі. Ол үшін әр команданың төрт раундтағы нәтижелері жазылады, ұпайлардың жалпы саны есептеледі және оларды қосу арқылы пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері анықталады. Жалпы нәтижесі жиынтық тізімге енгізіледі. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталады. Ширек финалға әр тіл тобында іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шығады.

Ширек Финалда командаларға бір қарар беріледі. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл тобында жеңімпаз командалар шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездеседі.

  1. Командалардың тақ саны болуына байланысты, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалған команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.
  2. Төрешілік пікірсайыс клубтарының тәжірибелі пікірсайысшылары арасынан төрешілер алқасы арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар төрешілердің бірін турнирдің бас төрешісі етіп анықтайды. Турнирдің бас төрешісі ойындардың кестесі мен тақырыбын айтады, төрешілерді ойындар бойынша бөледі, ойындардың барысын қадағалайды, ойында төрешілік етуге құқылы. Турнир кестесін tab-мастер жасайды.
  3. Ойын төрешісі пікірталасқа қатысушыларды АПФ регламентіне сәйкес шақырады, ораторлаға орын алуды ұсынады, ойын жүргізеді, ойын қорытындылары туралы шешім қабылдайды, шешім бойынша түсініктеме береді.
  4. Ойын барысында төреші Тайм-кипер қызметін атқарады.

Тайм-кипер міндетті:

презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы/жоғалуы туралы белгі беру;

сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут сөйлеп тұрғанын / сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді;

үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді;

егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады.

  1. Бас төреші раундтың 15 минуттан кейін басталатынын хабарлайды. Экранда раундтың қарары көрсетіледі. Хабарландырудан кейін ойыншылар қарарды түсініп, кейсті ойластырып, жақсы дәлелдер дайындауы керек, басқа командалар не айтатынын болжап, бәрін біртұтас етіп біріктіруі тиіс.
  2. Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  3. Турнир кезінде әр төреші балл мен түсініктемелерді төрешінің парағына (ballot) енгізеді (3-қосымша). Төреші раундтың жалғыз және өкілетті төрешісі және оның шешімі түпкілікті болып табылады, төрешінің (-лердің) шешімі түпкілікті және 15 минут ішінде қабылданады.
  4. Төрешілік өлшемдері:

1) релеванттылығы;

2) дәлелденуі;

3) маңыздылығы;

4) шынайылығы.

Төрешілер кейстердің сапасын және мазмұнын бағалайды. Командаларға аргументтер, фактілер және ақпараттың үлкен көлемі үшін басымдылық берілмейді.

  1. Жеңімпаздар командалық және жеке спикерлік сынақтарда анықталады. Жеке раундтағы жеңісі үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алады.Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 100-ге дейінгі балдық жүйемен бағаланады. Балл саны бойынша әр тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.
  2. 25. бас төреші жеребе тастау арқылы командалардың өнер көрсету тәртібін, турнирді өткізу регламентін, сессия залдарының санын айқындайды, командалар мен қазылар алқасы мүшелерін сессия залдары (шағын конференциялар) бойынша бөледі, резолюцияны раунд басталғанға дейін 15 минут бұрын жария етеді.
  3. Турнир ұйымдастырушылары мен бас төреші сессия залдарына барып, ойын барысын бақылайды. Әр раунд аяқталғаннан кейін Бас төреші командаларды келесі раундқа бөледі, қарарларды жариялайды және қатысушыларды бір сессия залынан екінші залға ауыстырады.

 

  1. Қатысушыларды марапаттау

 

  1. Турнирдің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды және турнирдің үздік спикерлерін анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Турнирде үздік қатысушылар казақ және орыс лигаларда қосымша «Үздік оратор», «Үздік аналитик» номинациялары бойынша дипломдар марапатталады.

Толық ақпараттар: