Облыстық білім басқармасының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№3-нқ/1 бұйрығына
қосымша №3
Ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаев-130 жыл» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас қаламгерлер байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Ыбырай Жақаев-130 жыл» атты тақырыпта қашықтан облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының (бұдан әрі-Байқау) өткізу.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Оқушыларға Ы.Жақаевтың еңбек жолын, өмірлік ұстанымын насихаттау.
- Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқау 2022 жылдың 28 қаңтар күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі а.ж. 26 қаңтарына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
- Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен ұсыныстар қарастырылмайды.
- Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
- Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
- Ережесіне сәйкес:
– 7 сыныптар үшін- 90-100;
– 8 сыныптар үшін- 100-150;
- Байқау оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалады:
- Шығарманы рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
- Бағалау критерийлері
- Ең үздік шығарманы іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
- ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
- шығарманың мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
- жазба тілінің сапасы;
- зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
- сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
- Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
- Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау нәтижесі 2022 жылдың 28 қаңтар күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 87783710833 байланыс нөмірінен білуге болады.