Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері және ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығана орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбындағы облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіптік және техникалық білім беру студенттері және ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыпта облыстық жас қаламгерлер (шығарма жазу) байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Отбасы құндылықтарын іштей түсіне отырып оның мәні мен маңыздылығын көркемдеп шығарма жазу арқылы қоғамға насихаттау.
- Жастардың ойлау қабілетін арттыру, ана тілінде сөйлеп, сауатты жаза білуге жаттықтыру.
- Студенттер және оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық
әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқау 2022 жылдың 24 наурыз күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі а.ж. 19 наурызына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
- Байқауға І кезең бойынша 1орын иегерлері ғана қатыса алады.
- Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен ұсыныстар қарастырылмайды.
- Байқаудың рәсімделу шарттары
- Байқауға кәсіптік және техникалық білім беру студенттері және жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
- Байқауға қатысушы оқушы өз таңдауымен шығарманы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындайды:
- Шығарма 2 беттен аспауы тиіс:
- Шығарманы рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
- Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
- Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
- Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
- Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
- Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады.
- Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.
- Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
- Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
- Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Шығармада барлық сан есімдер сөзбен жазылады.
- Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
- Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
- Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек.
- Бағалау критерийлері
- Ең үздік шығарманы іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
- ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
- шығарманың мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
- жазба тілінің сапасы;
- зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
- сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
- Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
- Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау нәтижесі 2022 жылдың 24 наурыз күні syr-daryny.kz ресми сайты
мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.
Толық ақпаратты 87242710189 байланыс нөмірінен білуге болады.