«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізу ережелері
- Жалпы ережелер
- Осы ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль) мақсатын, міндеттерін, өткізу форматын, тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.
- Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
- Фестивальдің міндеттері:
1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;
2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;
3) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;
4) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету.
- Фестивальді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамдарын қалыптастырады.
- Фестивальді өткізу уақыты мен орны
- Фестиваль 2022 жылғы 11 наурыз күні өткізіледі.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 4 наурызға дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
- Хатқа мыналар қоса тіркеледі:
1) аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық фестиваль-байқауға қатысуы туралы өтінімі, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымы, жауапты жетекші толық Т.А.Ә., жетекшінің байланыс телефон нөмері);
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер.
- Фестивальге қатысушылар
- Фестивальге аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
- Фестивальге қатысушылар саны: барлығы 10 білім алушыдан.
- Карантин кезінде Фестивальдің өңірлік кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан жүргізіледі.
- Фестивальді өткізу тәртібі
11.Фестиваль екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік фестиваль;
аудандық (қалалық) фестиваль;
облыстық фестиваль;
2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық фестиваль.
- Фестивальге кез-келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі авторлық жұмыстар: дәстүрлі немесе сандық технологиялар көмегімен – бейнекамера, фотокамера және ұялы телефонмен монтаждалып түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер (бейнежинақ) қабылданады.
- Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;
2) ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;
3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;
4) өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;
5) анимациялық кино – кез-келген мультипликациялық техникада орындалған, компьютерлік немесе тақырыптық қозғалмалы иллюзияны құрайтын шығарма;
6) музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;
7) телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі;
8) киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа метражды фильм;
9) ең үздік операторлық жұмыс;
10) ғылыми кино – ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.
- Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:
1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;
2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;
3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;
4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);
5) музыкалық сүйемелдеу;
6) сценарийлік жұмыс.
- Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:
фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;
өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;
салауатты өмір салтын насихаттау;
мейірімділік және қайырымдылық таныту;
ұрпақтар диалогы;
қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;
отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;
әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.
- Байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.
Видеоның форматы: mp4 (16:9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттер қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.
- Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальге ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальге ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
- Фильм бөтен адамның авторлық құқығын бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
- Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.
- Қатысушыларды марапаттау
- Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- 6. Фестивальді қаржыландыру
- Фестивальдің аудандық, облыстық кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
1-қосымша
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»
балалар киносының республикалық фестиваліне қатысуға өтінім
№ |
Номинациясы |
Жұмыстың аталуы |
Орындаушының Т. А. Ж. |
Туған жылы, сыныбы |
Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы |
Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі
|
Жетекшінің байланыс телефоны, эл. поштасы |
1 |
«Деректі (ойынды емес) кино» |
|
|
|
|
|
|
2 |
«Ойынды кино» |
|
|
|
|
|
|
3 |
«STOP-MOTION-видео» |
|
|
|
|
|
|
4 |
«Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» |
|
|
|
|
|
|
5 |
«Анимациялық кино» |
|
|
|
|
|
|
6 |
«Музыкалық клип» |
|
|
|
|
|
|
7 |
«Телевизиялық сюжет» |
|
|
|
|
|
|
8 |
«Киножурнал» |
|
|
|
|
|
|
9 |
«Ең үздік операторлық жұмыс» |
|
|
|
|
|
|
10 |
«Ғылыми кино» |
|
|
|
|
|
|