Облыстық білім басқармасының
2022 жылғы мамырдағы
№ нқ/1 бұйрығына
қосымша №3
Ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында облыстық патриоттық әндер байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында облыстық патриоттық әндер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу;
- Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, оқушыларды рәміздердің шығу тарихымен таныстыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, шығармашылыққа еліктіру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету;
- Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
- Байқау төмендегідей номинациялар бойынша өткізіледі:
-«Елім менің» номинациясы (Отан туралы, рухани құндылықтар жайлы және еліміздің тарихындағы ерліктің шежірелі беттерін айшықтайтын әндер)
-«Тәуелсіз елдің ұланы» номинациясы (балаларға арналған ән)
- Қатысушы екі номинацияға да қатыса алады. Әр номинация бойынша орындаушы бір шығарма орындайды.
- Қатысушы туралы білім бөлімінің ұсынысымен 2022 жылдың 26 мамырына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет.
- Кешіктірілген және осы байқау шартына сәйкес келмейтін ұсыныстар байқауға жіберілмейді.
- Байқау нәтижесі 2022 жылдың 31 мамыры күні syr-daryny.kz ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда жарияланады.
- Бағалау критерийлері
Ең үздік қатысушыны іріктеу кезінде мынылар ескерілуі қажет:
-Үміткердің орындаушылық шеберлігі;
-Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы;
-Кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлу;
-Әнді жанды дауыста орындау;
-Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;
-Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы;
-Киімдердің үйлесімділігі;
- Байқау жеңімпаздарын марапаттау
- Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады.
Кесте 1
р/с |
Оқушының аты – жөні |
Аудан/Қала |
Мектеп/балабақша |
|
|
|
|