3-11 сынып оқушыларына арналған “Золотое руно” халықаралық ойын конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-18 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында әлем мәдениеті тарихы бойынша “Золотое руно” (Алтын жабағы) халықаралық ойын конкурсы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың әлемдік көркем мәдениет тарихына қызығушылығын дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени кеңістігін кеңейту, оқушылардың танымдық белсенділігінің нысандарын кеңейту, мектептен тыс жұмысты белсендіру.

Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде жүргізіледі.

Қосымша ақпарат 8 (7242) 26 30 71, 8 (7172) 29 50 76 телефондары арқылы алуға болады.