ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН “ЖАС БІЛІМПАЗ” ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Қазақстандық Интернет Олимпиадалар” ақпараттық порталымен бірлесе отырып, бастауыш сынып пәндері бойынша “Жас білімпаз” республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.  Олимпиада нәтижелері Бас жүлде РҒПО “Дарын” Кубогының қорытындысына есептеледі.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.

Қашықтық пәндік олимпиада 1 кезеңмен өткізілетін болады: 2018 жылғы 9 сәуір мен 16 мамыр аралығында
Қорытындысы: 2018 жылғы 23 мамыр.

Олимпиадаға 4-5 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Дарын” РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kzсайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты:  8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.