“ТАРИХ АТА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПАДАСЫ

Қазақстан тарихына деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында “Тарих ата” республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі:
І (қашықтық) кезең – 2018 жылғы  2 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-17.00 аралығында www.daryn.kzсайтында онлайн түрде өткізіледі. Тапсырмаларды орындауға – 60 минут уақыт беріледі.
ІІ (қорытынды) кезең – 2018 жылғы 6-8 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында өтеді.

Қорытынды хаттама а.ж. 12 наурызында www.daryn.kz сайтында жарияланатын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің “І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары” және “қатысушы сертификаттары” жүктеп алуға ыңғайландырып олимпиада қатысушыларының жеке кабинеттеріне салынатын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған тарих пәні мұғалімдері мақтау грамотасымен марапатталады.
Қашықтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың қорытынды кезеңіне шақырылатын болады.

Олимпиадаға қатысу, тіркелу туралы толық ақпаратты www.daryn.kz сайтынан немесе 8 (7172) 29 51 59, 29 52 67, 29 52 66 телефондары арқылы білуге болады.