МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПАДАСЫ

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Қазақстандық Интернет Олимпиадалар” ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 21-23 ақпан аралығында РҒПО “Дарын” Кубогына Қазақстан тарихы: Рухани жаңғыру бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.