ҚАШЫҚТЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстандық Интернет Олимпиадасы зияткерлік сайыстарды әрі қарай дамыту мақсатында қашықтық командалық олимпиада өткізеді. Олимпиаданың нәтижелері мектептің ортақ рейтінгінде есептеледі, осы рейтингке қарап басты сыйлық – “Дарын” РҒПО кубогымен марапатталады.

Командалық олимпиаданың өтетін күні – 28 ақпан 2018 жыл. Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін қатысуға болады. Олимпиаданы орындауға 3 сағат уақыт беріледі. Командаға оқу мекемелерінен 10 қатысушы қатыса алады: оқушыларды үйлестіру үшін 2 мұғалім және 7 сынып пен 11 сынып арасындағы оқушылар. Командалық олимпиаданың жеңімпаздарына “Дарын” РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары беріледі.

Олимпиада 10 пәнаралық тапсырмалардан тұрады: математика, информатика, қазақ және орыс тілі, қисынға (логика) деген тапсырмалар, қазақ халық этнографиясынан және т.б. тұрады.
Олимпиадаға қатысу және тіркелу www.cdo.kz сайтында өткізіледі. Осы олимпиадаға қатысу үшін командаға бір логин/пароль мен шоттық нөмір қажет, осы шот нөміріне төлемақы салынып отырады.
Мектеп рейтінгі, оқушылар мен мұғалімдер нәтижелерін, шарттар мен олимпиаданың жүргізілу уақыты жөніндегі толық ақпаратты www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарынан таба аласыз.
Қатысушылардың тіркелуі, олимпиаданың жүргізілуі туралы барлық мағлұматты 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.