“АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЙЫН КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 сәуір күні 1-11 сынып оқушылары арасында табиғаттану, экология, биология, география, физика, астрономия пәндерінен “Адам және табиғат” (“Человек и природа”) халықаралық ойын конкурсы өтеді.

Конкурс ақылы, еркін түрде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу туралы ұсынысын 2018 жылғы 1 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде (төлем түбіртегі және қатысушылар тізімі) akiseva@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Конкурс ережесі daryn.kz сайтында орналасқан.

Қосымша ақпаратты 8 (7242) 26-30-71 телефоны арқылы білуге болады