Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қолдауымен “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері”атты қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті және оқытылу тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Семинар “NURORDA” мектеп-лицейі (Астана қаласы) базасында өтеді. Келу күні – 25 наурыз, аяқталуы – 28 наурыз (сағат 18.00-ден кейін). Семинардың басталуы – 26 наурыз күні, сағат 9.00-де.
Семинар сабақтарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен Астана қаласының білім беру ұйымдарының жаңашыл педагогтары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ғылыми қызметкерлері дәрістер оқиды.
Әр қатысушыға 10 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/darynsemvesna сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен. Семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 5 наурызына дейін syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
“NURORDA” мектеп-лицейінің мекен-жайы: Қ.Аманжолов көшесі, 34 үй (Хазрет Сұлтан мешітіне қарсы орналасқан), тел: +7 (7172) 42 78 22.
Семинарды өткізу жөніндегі ақпарат “Дарын” РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына қойылған.