Қ.Игенбаев атындағы математика пәнінен облыстық олимпиада

2018 жылғы 27 сәуір күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №80 мектеп-гимназия базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған Қ.Игенбаев атындағы математика пәнінен облыстық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылардың математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту;
– Дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылар арасында ғылым мен білімді кеңінен тарату.
– Оқушылардың математика пәнін тереңдетіп оқытуға, білімі мен пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Олимпиадаға қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 19 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 62 оқушы қатысып, 30 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Әзел Аяулым – Қазалы ауданы, №170 мектеп, 7 сынып;
– Рысбай Саят – №9 БИЛ, 8 сынып.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Сарадинов Дамир – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 7 сынып;
– Қожахметова Ұлданай – Қармақшы ауданы, №105 мектеп, 7 сынып;
– Өскелең Данагүл – №10 БИЛ, 7 сынып;
– Сұлтанмахмутұлы Нұрғиса – №9 БИЛ, 7 сынып;
– Сагижан Диас – №9 БИЛ, 7 сынып;
– Асқарова Альбина – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 8 сынып;
– Елеуова Фариза – Қармақшы ауданы, №272 мектеп, 8 сынып;
– Мұхтар Құралай – Қызылорда қаласы, №1 мектеп, 8 сынып;
– Алматқызы Дильназ – Қызылорда қаласы, №136 мектеп, 8 сынып;
– Қанаділ Шанжархан – №9 БИЛ, 8 сынып;

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Ақбота Мерей – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 7 сынып;
– Мұратбек Марғұлан – Қармақшы ауданы, №186 мектеп, 7 сынып;
– Тыныштықбай Нұрай – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 7 сынып;
– Батырбек Арайлым – Жалағаш ауданы, №122 мектеп, 7 сынып;
– Мирамбаев Рамазан – Шиелі ауданы, №49 мектеп, 7 сынып;
– Байтажиева Жания – №10 БИЛ, 7 сынып;
– Дуйсенбай Нұрай – №10 БИЛ, 7 сынып;
– Шахафиддин Нұрдәулет – №9 БИЛ, 7 сынып;
– Әділет Ердана – №9 БИЛ, 7 сынып;
– Қаппарова Ақнұр – Арал ауданы, №262 мектеп, 8 сынып;
– Үбайдулла Мақсат – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 8 сынып;
– Смағұлова Аружан – Қармақшы ауданы, №121 мектеп, 8 сынып;
– Нұрлан Камиля – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 8 сынып;
– Пушпакбаева Кристина – Жалағаш ауданы, №117 мектеп, 8 сынып;
– Шайзатова Асылзат – Сырдария ауданы, №42 мектеп, 8 сынып;
– Қайратқызы Гүлсән – Сырдария ауданы, №210 мектеп, 8 сынып;
– Қайратбекқызы Фариза – Жаңақорған ауданы, №3 мектеп, 8 сынып;
– Қалдар Ұлпан – Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 8 сынып.