ПІРІМОВА ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ

Мектебі: Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты Абай атындағы №138 орта мектебі
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жұмыс өтілі: 12 жыл
Санаты: педагог-сарапшы

Жетістіктері
2018 жылдың 24-25 қазан күндері Алматы қаласында өткен  Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама-2018» конкурсының ІІ орын жүлдегері. Авторлық бағдарламасының тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған «Мәтін лингвистикасы» қолданбалы курсы.
2017 жылы «Дарын» РҒПО мен «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталы бірлесіп ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәнінен ІІІ орын жүлдегері.
2016 жылы «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы, Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған облыстық «Үлгілі қысқа мерзімді жоспарлау» байқауының ІІІ орын жүлдегері.
2017 жылы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұйымдастырған Қызылорда облысындағы техникалық және кәсіптік оқу орындары мен мектеп мұғалімдері арасындағы «Ұлттың рухани ұстазы – А.Байтұрсынұлы»  атты облыстық педагогикалық оқуда үздік баяндамасы үшін Алғысхат.
2018 жылы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша секция отырысында үздік баяндамасы жасағаны үшін Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификатымен марапатталды.
2018 жылы Қызылорда қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесіндегі секция жұмысында жасалған мазмұнды баяндамасы үшін қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.
2017 жылы ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы, Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ Ғылыми кеңесінің шешімімімен «Оқу сауаттылығын арттыру тәсілдері» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көріп, облыс мұғалімдеріне таратылды. (ISBN 978-601-7201-45-6)
2018 жылы «Мәтін лингвистикасы» атты жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған қолданбалы курсы жарық көрді.  (ƏОЖ 373   ББК 74.268.1 М36                      ISBN 978-601-7091-54-8)

Марапаттары
2018 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғысхаты.
2017 жылы  Қызылода облыстық ішкі саясат басқармасы Тілдерді оқыту орталығының Алғысхаты.
2015 жылы Қызылорда қаласы әкімінің Алғысхаты.
2015 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы,

Оқушыларының жетістіктері
Пірімова Әсемнің жетекшілігімен дайындаған оқушылары республикалық, облыстық, қалалық байқауларда топ жарып жүр.
2014 жылы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Жолдасбекова Гүлнұр ІІІ орынды иеленіп, Алматы қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде «Дарын» РҒПО-ның мақтау қағазымен марапатталды.
2014 жылы 6-сынып оқушысы Торғаева Арайлым 2014 жылы облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсында ІІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы  10-сынып оқушысы Ұзақбаева Жадыра облыстық «МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИНДУСТРИЯҒА» ғылыми жобалар конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы 8-сынып оқушысы Қуанышбаева Бибігүл республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орынды жеңіп алды.
2018 жылы 10-сынып оқушысы Ұзақбаева Жадыра «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының  қалалық кезеңінде ІІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы 10-сынып оқушысы Абай Гүлнұр С.Торайғыровқа арналған қалалық оқушылар арасындағы ғылыми конференцияда ІІ орынды иеленді.
2015 жылы 8-сынып оқушысы Абай Гүлнұр «Дарын» РҒПО және қашықтық интернет олимпиада комитеті ұйымдастырған пәндік олимпиадада қазақ тілі пәнінен І орынды иеленді.
2015 жылы қалалық XVI «Махамбет оқулары» байқауында 10-сынып оқушысы Ғани Гүлім «Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған екі оқушысы мемлекеттік грантты жеңіп алып, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті атанды. Сол жылы 11-сыныпты үздік аттестатқа бітіруші Әбдібек Айдана қазақ тілі пәнінен ең жоғарғы 25 балл жинап, мұғалім еңбегінің нәтижесін көрсетті. Әсем Әбдірахманқызы 2016 жылы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы және 2018 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті артыру курсынан өтіп сертификатталған.

Пірімова Әсемнің баспа бетін көрген материалдары:
Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында «Таланттармен тілдессек» қысқа мерзімді жоспары (№4,2018 жыл)
Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында «Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары» қысқа мерзімді жоспары (№5,2018 жыл)
Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында «Мәтін лингвистикасы» авторлық бағдарламасы (№5,2018 жыл)