2018 жылғы 3 сәуір күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушыларына арналған “Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты облыстық (сырттай) шығармалар конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу.
– Астананың мәдени жетістіктерін дәріптей отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
– Еліміздің ертеңі – жас буынның жасампаз еліміздің жарқын болашағын құруда өз үлестерін тигізуіне негіз болу, оқушылар көзқарасындағы бас қаламыздың келбетімен танысу.
– Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың рәсімделу талаптары мен шарттары:
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс.
– Құжат MS Word форматында жазылады;
Қаріп түрі Times New Roman;
Қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
Шығарма мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
– тақырыбы (қою әріппен);
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
Шығарманың орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты. Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа қатысушы жұмыстар әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.)
Конкурсқа қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 2 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.
Конкурстың облыстық кезеңіне 33 оқушы өз жұмыстарын ұсынды. Конкурс нәтижесі бойынша 15 оқушының шығармасы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
І орын иегері:
– Шаменова Лолитта – Қызылорда қаласы, №12 мектеп, 7 сынып;
ІІ орын иегерлері:
– Томаев Нұрдәулет – Қызылорда қаласы, №172 мектеп, 7 сынып;
– Әбдіханұлы Рамазан – Арал ауданы, №64 мектеп, 8 сынып;
– Кулдейева Гүлжанат – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 8 сынып;
– Тілекова Аружан – Арал ауданы, №13 мектеп, 9 сынып;
– Мақсұт Құралай – №10 БИЛ, 9 сынып;
ІІІ орын иегерлері:
– Жүнісова Нұрғаным – Қармақшы ауданы, №183 мектеп, 6 сынып;
– Сәбитқызы Сәбира – Шиелі ауданы, №214 мектеп, 6 сынып;
– Бегалы Перизат – Қызылорда қаласы, №271 мектеп, 7 сынып;
– Жақсылық Ақниет – Қызылорда қаласы, №271 мектеп, 7 сынып;
– Аманжолова Ақмарал – №4 ОДМИ, 8 сынып;
– Жексенбаева Альбина – Арал ауданы, №262 мектеп, 9 сынып;
– Әлібек Ақбота – №4 ОДМИ, 9 сынып;
– Жұбатхан Асылбек – №9 БИЛ, 9 сынып;
– Шайық Жанель – №10 БИЛ, 9 сынып