“Туған күніңмен, Астана!” атты облыстық сурет байқауы

2018 жылғы 4 маусым күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушыларына арналған “Туған күніңмен, Астана!” атты облыстық сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– Сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту;
– Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру;
– Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
– Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына өз үлестерін сурет арқылы қосуға мүмкіндік беру;
– Өз елі мен жерін сүюге, Отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.

Қатысушыларға берілген уақыт: 120 минут. Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.
Байқауға қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 17 мамырға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегері:
– Жұмабай Меруерт – Қазалы ауданы, №103 мектеп, 5 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Абдулхайқызы Аягөз – Қызылорда қаласы, №15 мектеп, 6 сынып
– Кенжебекқызы Дариға – Қазалы ауданы, №25 мектеп, 7 сынып
– Серікқызы Айзада – Қызылорда қаласы, №7 мектеп, 7 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Өміртай Нұржайна – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 5 сынып
– Рустемова Сабина – Қызылорда қаласы, №278 мектеп, 5 сынып
– Али Жазира – Қазалы ауданы, №225 мектеп, 6 сынып
– Орақова Гуниса – Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 6 сынып
– Ермеков Мұхтарали – Сырдария ауданы, №147 мектеп, 6 сынып
– Көлдеева Ұлпан – Арал ауданы, №220 мектеп, 7 сынып