2018 жылғы 21 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушыларына арналған «Алты алашқа ана болған Сыр елі» тақырыбындағы облыстық ақындар мүшайрасы өткізілді.
Мүшайраның мақсаты мен міндеттері:
– Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
– Қазіргі жастарға туған жердің маңыздылығын ұғындыру;
– Туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызу;
– Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, оқушылардың қабілеттерін арттыру.
Мүшайраның облыстық кезеңіне 18 оқушы қатысып, 10 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
I дәрежелі диплом иегері:
– Зұлпар Әсел – Сырдария ауданы, №44 мектеп, 9 сынып
II дәрежелі диплом иегерлері:
– Төлеш Нұрболат – Қазалы ауданы, №216 мектеп, 9 сынып
– Шадина Сезім – Қызылорда, №4 ОДМИ, 9 сынып
– Ахметқұл Сымбат – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 9 сынып
III дәрежелі диплом иегерлері:
– Смайылұлы Бекқанат – Қармақшы ауданы, №29 мектеп, 7 сынып
– Қартбай Мейіржан – Жалағаш ауданы, №114 мектеп, 8 сынып
– Шалбай Аяжан – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 9 сынып
– Аманкелді Шаттық – Қызылорда, №11 мектеп, 9 сынып
– Әбілқайыров Әлібек – Қызылорда, №4 ОДМИ, 9 сынып
– Абубакирова Жания – Қызылорда, №10 БИЛ, 9 сынып